Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Модульді аурухана сәуір айында пайдалануға беріледі

Модульді аурухана сәуір айында пайдалануға беріледі


Аймақта 200 орындық модульді жұқпалы аурухананың құрылысы өткен жылы аяқталды. Құрал-жабдықтары орнатылып, сәуір айында пайдалануға беріледі.
Індетпен күрес шаралары әлі жалғасуда. Өйткені, коронавирус толықтау ауыздықталған жоқ. Қазір облыс «жасыл аймақта». Егер жағдай күрделенсе қосымша 3200 төсек-орын мен 3500 медицина қызметкерінен тұратын кадрлық резерв дайын тұр.Екі айға жететін дәрі-дәрмектің қоры бар. Оған бюджеттен  488 млн.теңге қаржы бөлінді.
- Әлемді шарпыған індет біздің аймағымыз үшін де үлкен сынақ болды. Дегенмен ұлтымыздың ұлы ақыны, Хәкім Абай атамыздың «Бейнет көрмей, дәулет жоқ», - деген кемеңгерлік қағидасына сүйеніп, барша халықтың берекелі бірлігінің, тынымды тірлігінің арқасында бұл қиындықты да еңсере білдік.Сыр халқы ешқашан қиындыққа мойыған емес. Бұл жолы да біз бірлігімізді көрсетіп, қиын сәтте бір-бірімізге қолдау білдірдік. Қазіргі таңда жаппай вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Вакцина салдыру – әр адамның жеке қалауы. Мәжбүрлеу жоқ. Ең маңыздысы, әр адам өзінің, туыстары мен жақын адамдарының денсаулығына мұқият болуы керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы,-деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Облыста тоғыз ПЦР аппараты жұмыс жасауда. Тұрғындардан тәулігіне 1000-1500 сынама алынуда. Жалпы,облыстағы медициналық ұйымдар қажетті жабдықтармен толық қамтылды. Көпбейінді облыстық және Қазалы ауданаралық ауруханаларында оттегі стансалары іске қосылды.
17 ақпан 2021 ж. 586 0