№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ӘМСҚ КВИ қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне ақы төлеуді жалғастыруда

ӘМСҚ КВИ қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне ақы төлеуді жалғастыруда



Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл наурызданмаусым айына дейін медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша
1 117,4 млнтеңгеден астам қаржы төледі. Үстемеақы үшін республикалық бюджеттен жалпы 1 559,13 млн теңге бөлінді.
Ең үлкен соманы (35% немесе 393,03 млн теңге) 3-ші тәуекел тобының қызметкерлері алды: провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлер, сонымен қатар санитарлық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері жұмысқа тартылған жағдайда. Ал саны бойынша 3-ші тәуекел тобының медицина қызметкерлері басым – үстемеақы алған барлық медицина қызметкерінің 51% немесе 3 363мың адам.
Инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады. Егер наурыз айында 520 астам қызметкер үстемеақы алатын болса, маусым айында олардың саны 2 393 адамға дейін артты.
Бұдан басқа, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы медициналық ұйымдарды қолдау шаралары қабылданды.
«Қазір аурухана мен емханалар өте қиын жағдайда жұмыс істеуде. Оларды қолдау үшін Қор алғы төлем сомасын 50% дейін арттырды. Ал ауылдық ауруханалар желісіндегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендегенде базалық қаржыландыру жүргізіледі. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде Қор медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жариялады», - деп атап өтті.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры БақытИсмаханбетов.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
04 тамыз 2020 ж. 410 0