№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қыраштың қарекеті қалай?

Қыраштың қарекеті қалай?


Қыраш елді-мекенінің тұрғындары аудан әкімінің есептік кездесуін онлайн көру үшін №180 жалпы мектептің АКТ залына жиналды. Ауылдағы ағайынның көңіл-күйі әкімге жолдаған лебіздерінен аңғардық. Елді мекенде атқарылып жатқан серпінді істерге қуанып, ауданның экономикасының тұрақты дамып жатқанына риза­шылығын білдірді.
Аудан әкімі екі рет ауылдарды аралаған сәтте Қырашта 2 ұсыныс көтерілген-ді. Оның ішіндегі, аяқ су жүретін лоток істеу жөнінде ұсынды. Оны аудан бюджетінің қаржысы көтермейді. Бірақ лоток жүргізу үшін біріншіден лоток түсетін жерге мемлекеттік Акт, геодезиялық топографиялық іздестіру жобалау жұмыстарын жүргізу және АПЗ алу қажет. Бұл жұмыстарды жүргізбес бұрын иелік ететін мекеме немесе заңды тұлғаны белгілеп, тауып алуымыз керек. Бұл мәселені ауыл әкіміне толықтай жүктеп, әрбір қарекетті бақылап отыратынын жеткізген аудан әкімі Руслан Рүстемов екінші мәселеге қарай ойысты.
– Ауылдың малы су ішетін, бітеліп қалған үш артезианды қайта қаздыру жөнінде көтерген ұсыныстарыңызды зерделеп көрдік. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес кезінде қазылып, пайдаланылмай жабылып қалған құдықтарды түгендеп, пас­порттап елдің игілігіне пайдалану жөнінде облыстан арнайы жұмысшы топ құрылып, зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады, – деп түсіндірді.
Сонымен бірге өткен жылдың басында «Nur Otan» партиясы төра­ғасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Қызылорда облысына жасаған сапарында Ақүйік елді мекенінде болған еді. Сол кезде ауылға газ жеткізу мәселесі көтеріліп, «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының тікелей бақылауына қойылған. Ақүйік елді мекеніне газ тарту бойынша облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттары дайындалды. Аталған жоба Қыраш елді мекенін қосып жүргізуде. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алуға құжаттар ұсынылды. Сараптаманың қорытындысын алған соң газ тарту жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы сұралады. Айта өтейік, бұл жобаның мемлекеттік сараптамадан өткізілмеген құны – 700 млн. теңге.
Бір жылда ауылда атқарылған жұмысты қысқаша тізбектесек, өткен жылы Жаңауыл көшесіне күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар алып орнатуға – 1,3 млн теңге қаралды. 2021 жылы аудандық бюджеттен тренажер алаңын салуға – 5 млн теңге, арка салуға – 2,6 млн теңге, Жаңа ауыл көшесіне тас төсеуге – 900 мың теңге бөлінді. Бас-аяғы – 8,5 млн теңгені құрады.
Аудан әкімі Руслан Рүстемовті тікелей эфирде тамашалаған тұр­ғындар аудан көлемінде атқарылып жатқан игі істерге оң бағасын беріп, көкейде жүрген сауалдарын жолдады.
– Ауылдағы Қаратау мен Бейбіт­шілік көшесін асфальттау үшін жоба сметалық құжаты дайындалды. Енді оны қаржыландыру үшін бюджеттен қаржы бөлуді қамтамасыз етсеңіз, – деді ауыл тұрғыны Әмірхан Маханов.
02 ақпан 2021 ж. 451 0