№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аққорған инфрақұрылымымен мақтанады

Аққорған инфрақұрылымымен мақтанады


Соңғы 5-6 жылда Аққорған ауылдық округіне миллиардтаған теңге инвестиция құйылып, оған мектеп, балабақша, спорт кешені, медициналық нысан бой көтерді. Клуб үйі күрделі жөндеуден өтті. Ауыз су жүйесі жүргізілді. Бүгінде перспективалы елді мекен өркендеу жолына түсіп, халық саны өсіп келеді.

Былтыр Аққорғанда жаттығу және стритбол алаңының құрылысы жүргізілді, мәдениет нысаны заманауи келбетке кенеліп, елді мекеннің кіреберісіне төлқұжат істелді. Сондай-ақ ауылішілік арықтары тазаланып, елді мекенді абаттандыру жұмысы жүргізілді. Такси тұрағы салынды, әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, көшелерге тас төсеу мен көше жарықтары жаңартылды. Ауылішілік көшелерге күннен қуат алатын 70 дана жарықшам қойылды.
Ауыл жастары Өзбекстан мемле­кетінен көшіп келген азамат Саидюсуп Зейнулов ағамызға баспана тұрғызып, 4 бөлмелі үйдің кілтін тапсырды. Қысқаша қайырғанда осындай жұмыстар атқарылды. Кәсіпкерлік саласында да серпін бар. Егіні бітік, мал шаруасы ширақ Түгіскен тұрғындарын толғандырған мәселе – аяқ су.
Енді көтерілген мәселелер қандай деңгейде шешілді, соны түйіндейік. Аққорған ауылдық округінен 7 ұсыныс түскен, соның біреуі шешілсе, қалған ұсыныстарға аудан әкімі Руслан Рүстемұлы есеп беруінде нақты жауабын берді. Мәселен, ауылдық емханаға УЗИ аппаратын алып беру заңдылыққа сай келмейді, ауылдағы №256 мектепке Қ.Ыдырысовтың есімін беру туралы ұсыныс та кері қайтарылды. Өйткені Елбасының тапсырмасына сай жасалынған, алайда мұндай азаматтардың есімдерін «Тарихи тұлғалар» тізіміне қосу жөнінде облыс әкімінің атына хат жолданды. Егісті ыза су басуына байланысты ұзындығы 92 шақырымды құрайтын «К-1, К-2» су қашыртқыларын 2021 жылдың жоспарына сәйкес Аққорған ауылының тұсынан 8 шақырым қазылатын болады.
Енді 2021 жылы қандай жұмыстар атқарылады, соған тоқталсақ.
– Егісті ыза су басуына байланысты К-1, К-2 су қашыртқыларын қазу жөніндегі ұсыныс бойынша К-1, К-2 қашыртқысының ұзындығы 92 шақырымды құрайды екен. «ҚазСушар» РМК (республикалық мемлекеттік кәсіпорын) Қызылорда филиалының теңгерімінде болған­дықтан сол мекеменің жоспарына сай тазаланып тұрады. Өткен жылдың соңында Өзгент ауылының тұсында 4,5 шақырым жерді қазу жұмыстары жүргізілді. Енді 2021 жылдың жоспарына сәйкес Аққорған ауылының тұсынан 8 шақырым қазылатын болады.
Ал, К-2 қашыртқысына келіп кұятын К-2-22 су қашыртқысының мүлік иесін анықтап, құжаттандыру Сардар Сәдуақасұлы естіп отырсаңыз сізге тапсырылады. Құжаттары жасалып біткесін қажетті қаржы қарастыру үшін облыстық басқарма, кәсіпорындармен жұмыс жасалады, – деді аудан әкімі.
01 ақпан 2021 ж. 487 0