№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түгіскеннің тынысы

Түгіскеннің тынысы

Қаңтар айы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы бастамаларды пысықтап алатын кез. Осы ретте, ауылдағы ағайынның өтініш-тілегін білмекке аудан әкімі Сұлтан Мақашов бастаған топ Аққорған, Қожакент, Өзгент және М.Нәлібаев ауылдық округіне арнайы барды. Есепті кездесуге облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов, облыстық мәслихат депутаты Нұрдин Әмитов пен аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ильясов қатысты.
Аудандағы алғашқы тіректі ауыл атанған Аққорғанда Жастар жылы атқарылған жұмыстар аз емес. Алдымен өткен жылы ауыл тұрғындарының талап-тілегінен туындаған мәселелер шешімін тапты ма? Осыдан бастайық. Қанша жылдан бері аққорғандықтар асыға күткен емхана былтыр пайдалануға берілді. Болашақ теннисшілерді дайындайтын үйірме де жұмысын бастады, сондай-ақ, кейбір көшелерге асфальт төселді, жарық орнатылды. Бірақ көпір салу мәселесі 2020 жылдың еншісінде қалды. Түгіскендіктер күтіп жүрген орталық көшенің асфалыті мен көше жарығы да әлі шешімін таппай отыр. Ең басты мәселе клуб үйіне күрделі жөндеу жұмысы шешімін таппады.
Республикаға спортшыларымен таныс ауылдың жастары Жастар жылында үлкен нәтижеге қол жеткізді. Байрақты бәсекелерде ел мерейін тасытып, аудан абыройын асқақтатты. Әкім есебінде ауылішілік көшелерге тас төсеу, балабақша ғимараты мен көпір жөндеу, трансформатор орнату, канал қазу жұмыстары жасалғанын айтты. Салық түсімдерін орындауда округтер арасында үздік үштікке еніпті. Яғни, барлық салық түсімдерінің қорытындысымен 135 процентке орындаған. Округ әкімі Садықов Сарадармұхамедәлінің есеп беруінен байқағанымыз ауылда атқарылған ауқымды жұмыстардың негізі ауыл бюджетінен шешімін тапқан.
Ауыл әкімінің есебінен кейін аудан басшысы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға және биылғы межеге тоқталды. Аққорғандықтарды сүйіншілеген жаңалық келер жылдың еншісіне қалған клуб үйінің күрделі жөндеу жұмысы екінші жартыжылдықта «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асатыны айтылды.
Енді ауыл тұрғындарын алаңдататын мәселелерді түгендесек. Баянқожа Досжанов үш мәселені көтерді. Пошта қызметкерлерінің жалақысы, «К-1» каналын қазу және мал ұрлығына тосқауыл жасауды алға тартты. Көтерілген мәселерге сала басшылары нақты жауап қатты. Елді мекендердегі пошта қызметі жекеге өтетін болса, биыл канал жұмысы жүргізіледі. Ал мал ұрлығына жаңа заң жүйесі енгізілді. Енді мал ұрлығын жасаған тұрғындарға қанша жерден кешірім берілсе де, қылмыскер 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Айта кетейік, ауылда пада ұйымдастырылмаған, сондықтан мал ұрлығы азаймай тұр.
Жиын соңында тұрғындар жарықтандыруды тездетіп шешіп берілуін сұрады. Әсіресе ауылдағы негізгі көшеге жарық берілсе деген тілегін жеткізді.
Әлібек Жарықбаев

19 қаңтар 2020 ж. 633 0