№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жетістік – білімнен

Жетістік – білімнен


Коронавирус асылымызды ардақтап, көпке үлгі етудің парқын жадымызға салды. Әсіресе, дәрігерлерлік қызметтің ауыртпалығын, ұстаздық қызметтің машақатын сезіндік. Қазір жұрт дәстүрлі білім беруді асыға күтіп жүр. Осы ретте, білікті, білімді, белсенді ұстаздар алдынғы шепке шығып, әріптестеріне үлгі-өнеге көрсетті. Осы қатарға Жаңақорған аграрлы-техникалық колледждің ұстазы Жолдасбек Ақбаевты жатқызуға болады.

Аудандық әкімдікте өткен жылжабар жиында Жолдасбек Садырұлы марапат биігінен көрінді. Нақтысын айтқанда, Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісі табысталды.
Білім беру саласының ең үздік қызметкерлеріне табыс етілетін марапатты алуға Ж.Ақбаев әбден лайықты. 40 жылдан аса жас мамандар даярлауда қажырлы еңбек етіп, өз ісінің кәсіби білгірі ретінде танылды.
– Мемлекеттің адами капита­лының әлеуеті, интеллектуалды болашағының басты көрсеткіші – сапалы білім, сындарлы ғылым. Жоғары оқу және кәсіптік білім беретін орындар жүйесі – қазақстандық білікті кадрларды қалыптастыратын және еліміздің интеллектуалды әлеуетін дамытатын орта. Қуантатыны, аудандағы жалғыз колледж күрделі жөндеуден өтіп, материалдық-техникалық базасы заманға сай жасақталуда. Осы ретте, аудан және облыс басшылығына алғысым шексіз, – деді марапат иесі Жолдасбек ағамыз.
Экономикалық әлеуеті жоға­ры дамыған елдерде мектеп бітірушілердің 80 пайызға жуығы кәсіби біліктілігі жоғары жұмысшы мамандығын игеруге ден қояды. Осы бағыттағы бетбұрысты байқауға болады. Оның бір ғана дәлелі, жыл өткен сайын Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі студенттерінің қатары артып келеді. Әрине, мұндай жетістікте Ж.Ақбаев сынды білікті ұстаздардың өзіндік еңбегі бар.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
04 қаңтар 2021 ж. 532 0