» » Жаңақорғанда жаңа шипажай ашылды

Жаңақорғанда жаңа шипажай ашылды


"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық жолының бойында көрікті нысан бой көтерді. Бөрітескен көлінің батпағы негізінде құрылған шипажайдың құрылысын "Orda Сығанақ" ЖШС жүргізді. Мердігер компания "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ қаржы тартқан. Жаңа шипажай ауданда емдік-сауықтыру туризмінің дамуына септігін тигізеді.


Екі этажды, заманауи құрал-жабдықпен жабдықталатын сауықтыру кешені уақытқа сай жұмыс істейді. Онда бір мезгілде 120 адам ем қабылдай алады.
Бөрітескеннің шипалы балшығы негізінде сүйек-буын және перифериялық нерв жүйелерінің аурулары, гинекологиялық, урологиялық, асқазан, бауыр, ішек, өт жолдары аурулары және т.б емдейді.
Шипажай басшысы Ә.Ибрагимовтің сөзінше, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне Бөрітескеннің балшығын апарып, анализін алады. Соның нәтижесінен бизнес жоспар құрып, 2017 жылы сауықтыру-емдеу кешенінің құрылысы бастайды.
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жаңақорған ауданына сапары аясында сауықтыру-емдеу кешеніне арнайы барды.
– Жаңақорғанда үшінші санатория ашылып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен жұрт осында келіп, дертке дәру, жанға шипа алады. Шипагерлер халықтың денсаулығын жақсартуға қалтқысыз қызмет ете берсін! – деген құттықтауын жеткізді облыс басшысы.
Гүлшара Наушақызы шипажайдағы сауықтыру үрдісімен, сервистік қызмет көрсету деңгейімен танысты.
27 желтоқсан 2020 ж. 968 0