№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғасырлық шежіресі бар шипажай үздік танылды

Ғасырлық шежіресі бар шипажай үздік танылды


Жылдағы дәстүр бойынша Елордаға «Алтын сапа» және «Парыз» байқауының лауреаттары жиналып, атқарылған жұмыстарды қорытындылап, өз ара тәжірибе алмасады. Биыл үздіктер қатарында «Жаңақорған шипажайы» АҚ көрінді. Яғни «Парыз» конкурсының қорытындысымен «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына лайықты деп танылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан салтанатты шарада ҚР Кәсіптік одақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов акционерлік қоғамның Басқарма төрағасы Бақытжан Абдуллаевқа аталмыш жүлдені табыс етті.


Жаңақорған ауданының брендіне ай­налған шипайжайы бұл сыйлыққа әбден лайық. Соны тарқата жазсақ. Бүгінде мекемде жыл сайын келетін 14 000-ға жуық демалушыға 224 еңбеккер қызмет көрсетеді. Соның 117-і нәзік жандылар, оның ішінде көп балалы аналардың саны 50-ден асса, 9-ы жалғызбасты ана бар. Шипажайдың тарихы сонау 1918 жылдан бастау алады. Қазіргі таңда жұмысшылардың орташа еңбекақысы – 144 мың теңге. Әр жұмысшыға әлеуметтік пакет қарастырылған. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жыл сайын ҚР кәсіптік одақтар күніне орай 2 АЕК көлемінде минималды жалақы беріледі.
Бұл бастама Кәсіподақтар феде­рациясына қарасты мекемелер арасында алғашқы болып енгізілді. ҚР Еңбек Кодексіннің 1156-бап, 8-тармағы және 157-баптың 2-тармағы, 17-парақшасын басшылыққа алған шипажай қызмет­керлері ұжымдық шарттың 3-тармағына өзгертулер енгізген. Бірінші, жұмыс беруші көп балалы аналарға және жалғыз басты аналарға жыл сайын Кәсіподақтар күніне орай жалақының ең төменгі мөлшерінің екі еселенген мөлшерін төлеуге келісті. Яғни неке және отбасы туралы Кодексне сәйкес бұл тізімге кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасы енеді. Екіншіден, жұмыс беруші аналардың әр туылған баласына елдегі ең төмен жалақы мөлшері көлемінде төлеу керектігі ұсынылды. Үшінші, ұжымдық шарттың тармақтарында көрсетілген төлемдер 3 жұмыс күні ішінде төленуге тиіс, бұл тек мекемеге еңбек шарт негі­зінде қабылданған қызметкерлерге ғана қатысты.
Ұжым жұмысшылары бұл хабарды қуа­нышпен қабылдап, ризашылығын білдірді. Кәсіпорынның қиыншылық кездерінен бастап, қазіргі өркендеу кезеңіне дейін табанды еңбек етіп келе жатқан мейірбике Ұлбике Өмірзақова ұжымдастары атынан басшыларына алғыс білдірді.
– Қай қоғамда болмасын нәзік жан­дыларға, әсіресе көп балалы аналарға қамқорлық жасау өзекті мәселе. Осы санаттағы аналарға қолдау көрсету мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгіздік. Себебі қызметкерлерге жағдай жасалғанда ғана сапалы қызметке қол жеткізуге болады. Рас, біздегі қызметтің жауапкершілік жүгі ауыр. Елдің түкпір-түкпірінен келетін емделушілерге қызмет көрсету негізгі басымдығымыз, – деді «Жаңақорған шипажай» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Аманкелдіұлы.
Міне, ғасырдан астам тарихы бар шипажайдың бүгінгі тынысына осылай баға берілді. Қазақстанның түкпір-түк­пірінен келіп ем алушылар қатары жыл санап артып келеді. Тіпті бес-алты рет келіп, тұрақты демалушысы болғандар көп. Мұның бәрі сервистік сапалы қызметтің нәтижесі екені анық.
Айта кететіні, Теріскен көлінің тұзды суы мен батпағы сүйек-буын аурулары, перифериялық нерв жүйелерінің аурулары, гинекологиялық және урологиялық ауруларға ем болады. Сондай-ақ асқазан, бауыр, ішек, өт жолдары аурулары және стоматологиялық сырқаттарға ем табуға болады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
25 желтоқсан 2019 ж. 1 079 0