№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандық он жасар Елбасының арманы асқақ

Жаңақорғандық он жасар Елбасының арманы асқақ


Жаңақорғандық 10 жасар Елбасы кенттегі №125 С.Сапарбеков атындағы мектептің 5 сынып оқушысы. Пандемияға байланысты онлайн сабақ оқып жатқан Елбасының арманы асқақ. Талабы таудай. Алғыр оқушының анасымен тілдесе келе, ұлының есімін нағашы әжесі қойғанын білдік.
– Елбасы бесінші ұлым. 2010 жылы дүниеге келген. Перзентханадан үйге келгенде, әлі есімі қойылмаған болатын. Содан отағасы Дүйсенбі екеуміз балаға ат іздедік. Соңында күйеуім:«Егер үйге қонақ болып кім бірінші келеді. Баламның атын сол қояды» деді. Содан қызығы алғаш болып менің анам келді. Қолқа салдық қаумалап. Не керек, қазақ өзі ырымшыл халық қой. Нағашы әжесі ойланбастан немеремнің есімін Елбасы қоясыңдар. Жаратқан Алла жар болып, ел тізгінін ұстайтын, елін сүйетін қамқор азамат болып өссін» деген ақ батасын берді. Әкесі құлағына азанын шақырып, «Елбасы» деп есімін қойдық – дейді анасы Эльмира Сейдахметқызы.
Иә, шыр етіп сәби дүниеге келгенде, қандайда ата-ана болмасын оған ең жақсы қоюға тырысады. Себебі, баланың есімі оның тағдырына әсер етеді деген түсінік қалыптасқан. Негізінен жаңа туған перзентке ат таңдауда қазақтан асқан дана халық жоқ шығар. Тарихқа көз жүгіртсек, бабабалар балаларына қол бастаған батырдың, сөз бастаған шешеннің есімін берген. Әрине, ел ертеңі болып табылатын бүлдіршіндер қандай есім иеленсе де, елін сүйетін азамат болып өссін.
Елбасы карантиндегі уақытын ұтымды өткізуде. Қағаз құрастырғыш ойын мен дойбыға құмар ол үнемі анасына қолқанат.
– Негізінен, спорттық ойындарға қатты қызығамын. Алайда өскенде кәсіпкер боламын. Елге көмектесемін, – дейді Елбасы Дүйсенбіұлы.

Әбдісамат Әбдіш
01 желтоқсан 2020 ж. 476 0