№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕСІМІ ОНЫҢ ЕЛБАСЫ

ЕСІМІ ОНЫҢ ЕЛБАСЫ


Күн жексенбі болатын. Орталық алаң. Ақшам уақтысы. Кенет: «Елбасы, бері кел. Алысқа ойнама» деген сөзді құлағым шалып қалды. Дереу топ баланың арасынан әлгі есімі ерекше жанды іздей бастадым. Таптым. Аппақ темір тұлпарды тізгіндеген ұлға көзім түсті. Қателеспеппін. Қасына барғаным сол анасына да келді. Сұрастыра келе, баланың  есімін нағашы әжесі қойғанын білдік.

–  Елбасы бесінші ұлым. 2010 жылы дүниеге келген. Перзентханадан үйге келгенде, әлі есімі қойылмаған болатын. Содан отағасы Дүйсенбі екеуміз балаға ат іздедік. Соңында күйеуім:«Егер үйге қонақ болып кім бірінші келеді. Баламның атын сол қояды» деді. Содан қызығы алғаш болып менің анам келді. Қолқа салдық қаумалап. Не керек, қазақ өзі ырымшыл халық қой. Нағашы әжесі ойланбастан немеремнің есімін Елбасы қоясыңдар. Жаратқан Алла жар болып, ел тізгінін ұстайтын, елін сүйетін қамқор азамат болып өссін» деген ақ батасын берді. Әкесі құлағына азанын шақырып, «Елбасы» деп есімін қойдық – дейді анасы Эльмира Сейдахметқызы.
Иә, шыр етіп сәби дүниеге келгенде, қандайда ата-ана болмасын оған ең жақсы қоюға тырысады. Себебі, баланың есімі оның тағдырына әсер етеді деген түсінік қалыптасқан. Негізінен жаңа туған перзентке ат таңдауда қазақтан асқан дана халық жоқ шығар. Тарихқа көз жүгіртсек, бабабалар балаларына қол бастаған батырдың, сөз бастаған шешеннің есімін берген. Әрине, ел ертеңі болып табылатын бүлдіршіндер қандай есім иеленсе де, елін сүйетін азамат болып өссін.
Бүгінде кент орталығындағы №125 С.Сапарбаев атындағы орта мектепте бірінші сыныпты бітірген Елбасы жазғы демалысын ұтымды өткізуде. Қағаз құрастырғыш ойын мен дойбыға құмар ол үнемі анасына қолқанат.
– Менің анам балабақшада аспазшы болып жұмыс жасайды. Бізге үнемі дәмді тағамдар дайындап береді. Спорттық ойындарға қатты қызығамын. Өзім өскенде кәсіпкер боламын – дейді Елбасы Дүйсенбіұлы.
         Тағы да айта кететіні, Эльмира Сейдахметқызы «Күміс алқа» иегері. Жұбаныш, Гүлайна, Ербол, Нұрбол және кенжесі Інжу есімдері қызы отбасының көз қуаныштары. Оған қоса, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Эльмира Абдукаримова бүгінде әже. Үлкені Жұбанышы үйленіп, немерелі болды. Оның да есімі ерекше. МұхтарӘли. Яғни, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласына өлшеусіз еңбек қосқан академик Мұхтар Әлиевтің атын қойыпты. Болашақта білікті дәрігер, антына адал ақ халатты абзал жан болсын деген ниетте.  
                                            Самат ОҢҒАРҰЛЫ
20 сәуір 2018 ж. 1 494 0