№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Міндетті түрде оқыңыз! Төрт кемпір бір шал

Міндетті түрде оқыңыз! Төрт кемпір бір шал

Адам да осындай есімді қызға қоя ма екен? 



   Атақты халық ақыны Кенен Әзірбаевтың қызы Төрткенге әдепкіде нағашы әжесі осындай есім қойыпты. Ауылда Кенен қызды болды деген сүйінші хабарға жиналған 4 кемпірдің аяғының арасынан ырым еткен әжесі шақалақ нәрестені өткізіп алған. Осы үйге құттықтау айтуға келіп, босағадан аяқ киімін шешіп жатқан ақсақалды да кемпір-сампыр қуаныштан қаумалап, аяғының арасынан өткізіп алған. Содан қыздың есімін азан шақыртып қойғызып, Төрт кемпір бір шал атап кеткен. Ес біліп, етек жапқанша еркелікпен өскен «есімі біртүрлі қыз» еркекшора киініп, ләңгі теуіп, ер балаларша өскен. Өз есімінің «тіпті» қолайсыздығын 5 сыныпта білген  қыз әкесі  Кененге  келіп мектепке бармайтынын мәлімдеген. - Ата, мен оқымаймын. Тіпті ешқайда бармаймын. Бәрі менің атыма күледі. 
    Атымды неге олай қоясыңдар. Өзгертпесеңдер оқуды да, бәрін тастаймын» деп байбалам салды. - Біздің кезде балалар тез есейетін. 4-5 сыныпта бір-біріне хат жаза бастайтын. Ол кезде қазіргідей «сотка» дейтін дүниеңіз жоқ. Хат жазу «мода» еді ғой. Ұстазым болса, «Кененова Төрт кемпір бір шал шық» деп тұратын. Мұғалімнің қойған сұрақтарына тастай қылып жауап берсем де, оқушылар қарқ-қарқ күліп жатады. «Ойпырмай неге күледі?» десем, атымды келеке қылады екен. Тіпті мұғалімнің де иығы селк-селк етеді, - деп Төрткен апамыз балалық шағындағы езу тартар естелікті еске алды. Содан баланың айтқан базынасына ата-ананың шарасы бола ма? Естияр қызын Кенен ақсақал мектепке жетектей жүріп, құжатын жөндеттірген.
   - Мынау Төрт кемпір бір шалдың атын өзгертпесем болатын емес. Оқудан бас  тартып жатыр. Тіпті қалаға бармаймын дегенді шығарды. Ендігәрі бұл қызымның аты Төрткен», -  деді. Осы сәтте мұғалімдерім де: «Мұныңыз дұрыс ақсақал. Мектеп болса жеті кластық. Төрт кемпір бір шалыңыз не? Қыз болса мектепті бітірген соң қалаға барып ұзынсонар атын айтып жүре ме? Төрткен дегеніңіз өте орынды», - дейді. Осы есімді кейін әлемдік математикада ғылымында өзіндік орны бар Асқар Жұмаділдаев  қиын есептерді шығарудың  бір тәсілі ретінде «Төрт кемпір бір шалды» формула ретінде енгізіп жіберді. Ол есеп шығару формуласы «ТӨРТ КЕМПІР, БІР ШАЛ» атты ресми атауға ие болды.

Нұрлан ҚАЗИҰЛЫ.
12 қараша 2018 ж. 2 201 0