№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Газ келіп, тұрғындардың көңілі жайланды

Газ келіп, тұрғындардың көңілі жайланды


2020 жыл. 12 қараша. МАИ бекеті аумағы. Бұрындары теп-тегіс жататын аймақта еңселі үйлер бой көтеріп, ұзыннан-ұзақ көшелер қаз-қатар тізілген. Осыдан 4-5 жыл бұрын мұндай болатынын ешкім де ойлаған жоқ болар. Қазір мұнда қайнаған тіршілік. Бастысы, мектеп соғылуда. Тұрғындардың көңіліне осы медеу береді. Сосын газдандыру жобасына енбей қалған көшелерге газ берілуде. Бұл да қуанышқа қуаныш қосатын игілікті іс. Жақсылықты көрмекке жолға шықтық. Бізді күздің керемет кеші ерекше әсерге бөледі. Қызыл-сары түске бөленген жапырақтар діңгегінен қиылып, жерге қонуда. Әр жапырақта бір сыр, бір тағдыр жатқандай әсер береді.


Әні-міне дегенше белгіленген көше­лерге де жеттік. Осы көшенің тұрғындары Қозыбағаровтар шаңырағы "Екі дүниең абат, қос тойың қабат болсын" дегендей биыл жаңа үйге кіріп қуанған, енді үйді газбен жылытатын болғанына риза.
– Біз үлкен отбасымыз. Атам ІІ топ мүгедегі,апам үшін де алаңдайтын едім. Енді газға тамақ жасап, нан жабатын болдық. Көп бейнетіміз жеңілдейтін болды, – деді келіні Назерке Жамалова.
Жалпы МАИ бекеті аумағындағы 7, 8, 9, 10, 11 - көшесінің газ қосылмаған учаскесіне көгілдір отын қосылды. Енді тұрғындардың көңілі жайланды.
Төл газеттің №86 нөмірінде "Газ­дандыру – игілікті іс" деген ма­қала жазған едік. Мақала жазу барысында Саяжай тұрғындарының алаң­даушы­лығын білгеніміз бар-ды. Бұл жолы саяжайлықтардың көңілі шат. Мұны Махмудовтар отбасынан сезіндік.
– Бүгін біз үшін қуанышты күн. Саяжайға көшіп келгенімізге 7-8 жыл болды. Екі жылдан бері газ қосу мәселесін көтеріп жүрмін. Әкім Руслан Рүстемов келіп, қыстың алдындағы уайымымызды сейілтті. Көше тұрғындары атынан алғыс бідіргім келеді, – деді Досымжан Оразұлы.
Бүгінде ауданда 25 мыңнан аса түтін түтесе, оның 6 мыңға жуығы Жаңақорған кентінде тұрады.
Бас оператор «КазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының газдандыру жобасы аймақта жүйелі жүзеге асырылуда. Аудандық газ шаруашылығы мекемесінің директоры Сұлтан Сәрсенов:
– Елбасы елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге басты назар аударуды тапсырған. Бұл соның жемісі. Жалпы алғанда, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбыры аудан орталығына газ жеткізетін құбырын салып бітті. Алдағы уақытта ауылдарды қамтитын болады. Алда әлі де қосуға құжаттарын дайындап, мердігер компаниямен келісіп жобалау сметасын жасап жатқан тұрғын үй иелері бар. Құжаттары дайын болған азаматтар кез-келген уақытта қоса алады, – деді.
Айта кететіні, "Саяжайдағы" 7, 8, 9, 10 - көше және Санатория, Қорғантоғай, Жаңауыл, Алтыкрант, Хорасан ата көше- сі қиылысындағы газ құбырларына (газы бар линияға) қосылды.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
14 қараша 2020 ж. 643 0