№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жапырақтар не үшін күзде сарғаяды?

Жапырақтар не үшін күзде сарғаяды?


Өсімдік жапырақтарының жасыл болуының себебі, оның құрамында өсімдік жасушасына тән пигмент — хлорофилл бар. Пигмент деп — түскен сәулені өзіне сіңіретін бояғыш затты атаймыз. Хлорофилл күн сәулесін сіңіріп, одан алған энергияны қоректік заттарды синтездеу үшін пайдаланады. Ендеше жапырақтың сарғаю себебімен таныс бола отырыңыздар.

Күз мезгіліндегі жапырақтардың түсі Күзде өсімдік жапырақтары өзінің жарқын жасыл түсін жоғалтады. Мысалы, теректің жапырақтары алтын түске өзгерсе, үйеңкі ағашы қызыл түске бояла түседі. Жапырақтардың құрамында химиялық құбылыс пайда болады, яғни хлорофил өзгеріске ұшырайды. Күз келісімен өсімдіктер қысқа дайындығын бастайды. Қоректік заттар жапырақтардан бұтаққа, діңі мен тамырына баяу жылжиды да, қатал суыққа төтеп бере алатындай қор жинайды. Көктемнің келуімен өсімдіктер жаңа жасыл жапырақтардың пайда болуы үшін қорда жинақталған энергияны пайдаланады. Су, қоректік заттар мен жапырақтар Қоректік заттардың энергиясы таусылған кезде хлорофилл синтезі де тоқтайды. Жапырақта қалған хлорофилл шетінен ыдырай бастайды. Сосын басқа түсті пигментер түзіледі. Кейбір өсімдіктердің жапырағында сары немесе қызғылт-сары пигменттер бар. Бұл пигменттердің басым бөлігі сәбізге қызғылт-сары түс беретін — каротиннен тұрады. Мәселен, қайың мен жаңғақтың жапырақтары хлорофиллдің ыдаруы салдарынан ашық-сары түске, ал басқа ағаштардың жапырақтары қызыл түстің әр алуан реңктеріне боялады. Кейбір жапырақтардың қызыл, күңгірт-қызыл, күлгін реңктері антоцианин пигментінің түзілуінен пайда болады. Бұл пигмент қызыл орамжапырақта, раушан мен қазтамақ гүлдерінде кездеседі. Күзде суық ауа-райының әсерінен жапырақтарда химиялық реакция пайда болады да хлорофиллді қызғылт-сарыға бояйды. Антоцианның каротин мен басқа сары түсті пигменттерден бір айырмашылығы — ол жасыл жапырақтарда мүлде кездеспейді. Ол жапырақтарда тек суықтың әсерінен пайда болады. Күзгі жапырақтардың түсі адамдардың шашының түсі іспеттес, әр түрдің өзінің генетикасына байланысты түсі болады. Ал түсінің ашық немесе көмескі болуы ауа-райына тікелей байланысты. Жапырақтар қашан ең қанық түстерге енеді? Күз мезгілінде дала ұзақ уақыт құрғақ әрі суық болғанда жапырақтардың түсі жарқын, қанық болады (0-ден 7 0С – антоцианиннің түзілуіне өте қолайлы температура). Күзде Вермонт штаты секілді жерлерде жапырақтардың ең керемет түстерін бақылауға болады. Ал, мысалы, климаты жаңбырлы, ауа-райы үнемі бұлтты Ұлыбританияда жапырақтар коңыр, күңгірт-сары болып келеді. Жапырақтармен бірге өсімдіктер керемет түстерін де жоғалтады. Жапырақтар бұталарға ерекше шыбығымен жалғасып тұрады. Қыс түскенде  шыбықтың жасушаларының арасындағы байланыс ыдырайды. Осыдан кейін жапырақ пен бұтаның арасын жапыраққа су мен қоректік заттарды жеткізіп отыратын жіңішке талшық қана жалғайтын болады. Әлсіз самалдың өзі немесе жаңбыр тамшысы бұл байланысты оңай үзе алады. Жерге түскен жапырақтар түрлі-түсті қалың кілемшеге ұқсап, күзге сұлу көрініс сыйлайды. Өсімдіктер де борсық, тиіндер секілді, қысқа қор жинап, оны сабақтарына, тамырына, бұтақтарына сақтайды. Су бармаған соң жапырақтар құрғап, кебеді де ағаштардан үзіліп түседі. Ауада желмен қалықтап, жол жиектеріне төселе кетеді. Сары және қызыл жапырақтар жерге түскеннен кейін де түсін бірнеше апта бойы сақтай алады. Бірақ, уақыт өте пигменттер ыдырай бастайды. Жалғыз  танин пигменті ғана қалады (шайға түс беретін де осы пигмент).
bilim-all.kz 

18 қыркүйек 2018 ж. 1 345 0