№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПРЕСС-ТУР: Мал шаруашылығы қолдауды қажет етеді

ПРЕСС-ТУР: Мал шаруашылығы қолдауды қажет етеді


Сыр өңірінің журналистерімен бірге Жаңақорған ауданындағы «Сұңқар» шаруа қожалығына бет алдық. Делегация құрамында «Хабар» «Хабар 24», »Қызылорда» телеарнасының тілшілері және «Сыр бойы», «Жаңақорған тынысы» газетінің қаламгерлері бар.
Бүгінде шаруашылықта 606 бас жылқы, 577 бас мүйізді ірі қара, 302 бас түйе малы өсірілуде. Аудандағы ең ірі бордақылау алаңының бірі осы қожалықта.
Аудандық мәслихат депутаты, меценат Құлмағанбет Исаханов борда­қылау алаңымен таныстырып, мал шаруашылығының қиындықтарын сөз етті.
— Үкімет төрт түлікті көбейтуге субсидия беріп, жағдай жасады. Бүгінде мал басы артты. Енді сүт пен етті өткізу мәселесін шешу маңызды. Ол үшін ауылшаруашылығының дайын өнімдерін өндіріге басымдық беруі керек. Сонда шаруашылықтардың жұмысына серпін береді. Мәселен, 2010 жылдан беру түйе ұстаймын. Осы жылдары басын көбейтіп, шұбатын Түркістан қаласына өткізіп келдік. Карантинге байланысты сұраныс төмендеп, өткізетін жер таппай отырмыз, — деді шаруашылықтың төрағасы.
Мал өсіру — қиын әрі күрделі еңбек. Үздіксіз жүретін шаруа. Бұл жөнінде Құлмағанбет Оразқұлұлы былай деді: «Диқан жауында тынады, Балықшы дауылда тынады» деген аталы сөз бар. Ал оған малшы өзі өлгенде тынады дегенді қосу керек. Себебі малшы қауым қар, жел, жауынға қарамай еңбек етеді. Ұлт тағылымында «Мал бір борандық» деген тәмсіл бар. Егер қора-жайын жайлап, жем-шөбін дайындай алмасаң, малдың шығына орын алады. Ал, бұл — үлкен еңбекті қажет етеді. Оның үстіне, ауру-сырқаудың бәрі жердің бетіне шықты. Қазір жылқы да, түйе де бұрын-сонды ауырмаған ауру түрлерімен ауыруда. Сол себепті малдың соңында жүрген шаруаларды қолдаудың механизмін жетілдіру керек секілді».
Бұл сөздің жаны бар. Мал шаруа­шылығы саласы қазақтың тұрмыс-салтының бір бөлшегі, ұлттық кодтың кілтіне ие. Сондықтан ұлттың асыл қасиеттерін жаңғыртуда мал шаруашылығына мән беру басым сипат алуы керек.
«Сұңқар» шаруа қожалығының түйе ұстайтын фермасына барып, түйе сауу, шұбат өндіру жұмыстарымен таныстық.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
Суретті түсірген Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
26 қазан 2020 ж. 609 0