№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПРЕСС-ТУР: балық шаруашылығы – табыс көзі

ПРЕСС-ТУР: балық шаруашылығы – табыс көзі


Сыр өңірінің журналистерімен бірге Жаңақорған ауданындағы «Ислам» шаруа қожалығына бет алдық. Делегация құрамында «Хабар» «Хабар 24», «Қызылорда» телеарнасының тілшілері және «Сыр бойы», «Жаңақорған тынысы» газетінің қаламгерлері бар.
Ауылшаруашылығы жәрмеңкелерінде «Ислам» шаруа қожалығының төрағасы Мақсат Жүмәділов жиі балық шығаратынын көреміз. Оны Келін­төбе ауылдық округіне қарасты «Жың­ғылдысай» көлінде өсіреді екен. Сапар барысында Сыр өңірі журналистері балық шаруашылығының қыр-сырына қанықты.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы облыс әкімдігінің 2011 жылдың 29 желтоқсанындағы №268 қаулысымен көл «Ислам» шаруа қожалығына бекітілді. 2014 жылы «Жыңғылдысай» көлінің статусы тауарлы көл балық шаруашылығына ауысты. Содан бері балық шаруашылығын дамытуға үлес қосып келеді. Бүгінде аталған көлде 1 қорықшы, 1 балықшы тұрақты қызмет атқарып келеді. Көлден жылына 5-10 тонна көлемінде балық ауланып, аудан, облыс көлеміне сатылымға шығарылады. Алдағы уақытта жылына 1-5 млн. дана шабақ шығаратын «Инкубатор цехын» іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, осы шабақтарды өсіретін «Шабақ өсіру питомнигі» салыну үстінде.
– Балық шаруашылығы және оның дамуының Қазақстан үшін маңызы жоғары. Біріншіден, еліміз теңіздер мен мұхиттарға шыға алмайды. Екіншіден, біздегі балық еті елімізде ғана емес, шетелде де үлкен сұранысқа ие. Үшіншіден, балық еті – адам денсаулығына пайдалы. Әлемдік талап бойынша әр адам орта есеппен жылына 16 келі балық етін жеу керек. Алайда бізде бұл көрсеткіш төмен.
Жалпы балық шаруашылығы – табысты саласының бірі. Осы салаға бет бұрғаныма алты жыл болды. Нарыққа шыққан балыққа сұраныс жоғары. Әсересе жәрмеңкелерде ұзын-сонар кезек болады. Осыны ескеріп, шаруашылықты дамытуды қолға алдым, – дейді Мақсат Исламұлы.
Қазақстанға Ресей, Қытай, Нор­ве­гия және т.б елдерден түрлі кон­сервілер, мұздатылған күйде балық сүбесі, уылдырықтар, теңіз балығы тасымалданады. Жыл өткен сайын импорт көлемі өсіп келеді. Демек балық шаруа­шылығын қолдаудын тетіктерін жетілдіріп, аквамәдениетті дамытуды қолға алу маңызды.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
26 қазан 2020 ж. 577 0