№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстазым менің ұстазым...

Ұстазым менің ұстазым...

Ұстазым менің, ұстазым...
«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі». Мағжан Жұмабаевтың осы сөзінің салмағын ұстаздар күні сезіне түстік. Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы атаулы мерекеде үздік ұстаздарды марапат биігіне шығарып, арнайы құттықтап, құрмет көрсетті.
«Ел дамуының кілті – ғылым-технологияда, ғылым-технологияның кілті – оқу-ағартуда, ал, оқу-ағартудың кілті – ұстаздарда», – дейді Қытайдың реформатор басшысы Дэн Сяо Пин. Қытайдың қарқынды дамуы осы құндылықты берік ұстануында. Екінші дүниежүзілік соғыста Германия мен Жапония тізе бүккенімен бүгінде озық елдердің санатында. Оның сыры – білім беру саласын уақыт талабына сай дамыта алуында жатыр. Біздің ел де білім беру саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Соның айғағы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Сырдың ұстаздарын онлайн құттықтап, ізет көрсетті.
Келесі кезекте аудан басшысы Руслан Рүстемұлы құттықтап:
Өмірде адамға берілер екі нұр бар болса, соның бірі – күннің сәулесі, ол адамның жүзіне құйылады, ал екіншісі – ұстаздың сөзі. Сөз арқылы шәкірттің жүрегіне құйылатын нұр бәрінен биік тұрады. Бүгінде мұғалімдердің қоғам алдындағы мәртебесін қайтару, мәртебесін көтеруге қайта көңіл бөлінуде. Сананы нарық билеген заманда педагогтердің жауапкершілік жүгі ауырлай түсті. Осыған орай олардың еңбекақысы да жыл сайын көтерілуде. Енді «ұстаз»
деген ұғымға дақ түсірмей еңбек етуге біздің білім қызметкерлерінің қабілет-қарымы жетеді деп ойлаймын, – деді.
Жылы лебізден кейін «Қалдырған ізің мәңгілік» атты шара аясында ауданның білім саласында өзіндік орны бар бірнеше сала қызметкерлері марапат биігінен көрінді. Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» Жансая Асанова марапатталса, министрдің «Алғыс хатына» Керімбеков Елдос лайық деп танылды. Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Бибісара Үпенова, Шыңғыс Сапаров, Ақнұр Батырбекова, Дариха Жармахан, Гүлбазар Боранбаева, Өмірзақ Оспан-беков, Шамшат Садуақасова, Әмина Изатуллаева, Жазира Ілесбаева, Айкүміс Байбатырова, Айжан Жинақбаева, Құрбанкүл Ибадуллаева, Айдын Кекілбаева марапатталды. Марапат иелеріне аудан әкімінің арнайы сыйлығы – ноутбук сыйға берілді.
– Ұстаз боламын деген әрбір адамның бойында ең бірінші қастерлі сөз, көзінде мейірім, жүрегінде жылылық және санасында ізденімпаздық қасиеті болу керек. Осындай өнегені бойына сіңіре білген мұғалімдердің мәртебесі биік қашанда. Бүгінгі аудан әкімінің көрсетіп жатқан құрметіне, сыйлығына өте ризамыз. Көңіліміз бір көтеріліп, жанымыз жадырап қалғаны рас. Сондықтан Руслан Рүстемұлына және Болат Мақсұтұлы басқарып отырған білім бөлімінің ұжымына алғысымызды білдіреміз, – деді Өмірзақ Оспанбеков.
Бесіктен шығып, есіктен аттаған баланың тәрбие ошағы қоғамның алғашқы сатысы, тұңғыш түсер топтық ортасы – білім ордасы. Сондықтан білім ордасының бесігін тербеткен ұстаздар қауымына деген құрмет шексіз, ал олардың жауапкершілігі мен тәлімі ел болашағының ертеңіне деген жарқын жол болатынын ұмытпаған жөн болар.
Әли ТЕМІРБЕК
07 қазан 2020 ж. 725 0