» » 160 отбасы баспаналы болды

160 отбасы баспаналы болды

Елорда және Ұлттық домбыра күні қарсаңында Сырдария өзенінің сол жағалауынан әлеуметтік осал топтағы отбасыларға «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында салынған арендалық тұрғын үйлердің кілті табысталды.
Облыс әкімі баспаналы болған тұрғындарды Елорда күнімен құттықтап, әр жанұяға жақсылық, ынтымақ пен бірлік, амандық тіледі.
" Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қабылданған мемлекеттік бағдарламалар өңірімізде сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде Алаштың анасы атанған қасиетті мекен қарқынды құрылыс алаңына айналды.Осыдан бір ай бұрын ғана 180 пәтерлік тұрғын үйді табыстадық. Ал бүгін, 160 отбасы баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлағалы отыр. Жаңа баспаналарыңыз татулық пен берекенің ордасы болып, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын! ",- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
03 шілде 2020 ж. 576 0