Адырбек Сопыбековтың қолжазбалары өте құнды
Бұл жайында Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов қыш мектептегі үш мекеменің бірі – аудандық архивте болғанында ескертті.
Мекеме басшысы, аудандық мәслихат депутаты Зағипа Әбжалелова архив жұмысымен таныстырып:
– 1986 жылы 20 қаңтарда құрылған. 2014 жылы ғимарат күрделі жөндеуден өтті. 2013 жылдың жарты жылдығынан бастап Е-әкімдік электрондық шлюзіне қосылып, 7421 жеке және заңды тұлғалардың өтініші тіркеліп, орындалды. Әр жылдан 1200-ге дейін өтініштерге жауап беріледі. Бүгінгі таңда 99 проценті eGov.kz порталы арқылы орындалады. 2013 жылдан наурызынан бастап құжаттар электронды сандық форматқа көшірілуде. Бүгінгі таңда 9678 істен 764000 парақ өткізілді. Жылдық жоспар 141000 парақ, асыра орындалуда, – деді.
– Қанша құжат сақталуда? – деді әкім
– Архивте №189 қордың 41767 сақтау бірліктегі құжат сақталуда. Жылдық жоспар 1100 құжат қабылдау еді, бүгінгі күні межелеген жоспарды толық орындап отырмыз. Оның ішінде, 16521 сақтау бірліктегі басқару құжаттары, 24600- жеке құрам бойынша құжаттар 328 – жеке тектік құжаттары ( 6- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 9- ауданның «Құрметті азаматтары»), 318-фото құжаттар (аудан тарихы, жаңа ғимараттар) бар.
– Бөлмелердің ылғалдылығы өз деңгейінде сақталып тұр ма?
– Әрине, олсыз құжаттарды сақтау мүмкін емес. Сондықтан әрбір бөлмеде температура мен ылғалдылықты өлшейтін құрылғылар бар.
– Адырбек Сопыбековтың қолжазбалары бар ма?
– Иә, бар.
– Ақынның қолжазбалары өте құнды құндылық. Оны сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу маңызды іс. Осыған мұқият қараңыздар. Жарай ма?
Әкім мен мекеме басшысының арасындағы диалогтан мәдениет саласының маңызын терең түсіне түскендей болдық.