№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әкім ардагерлерге құрмет көрсетті

Әкім ардагерлерге құрмет көрсетті

Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемов бейсенбілік жұмысын қазыналы қарттарды мерекемен құттықтаумен бастады.
Алдымен Манап Көкенов көшесі №196 үйде тұратын Еңбек ардагері Елеусіз Сейдеметовке сәлем бере барды.
– Ассалаумағалейкум, аға! Қуаттысыз ба? – деп ізет көрсетті әкім.
– Уағалейкумсалам, Русланжан! Шүкір! "Әкім келеді" дегенді естіп "төбем көкке төрт елі жетпеді". Шынында, қатты қуандым, – деп қуанышын жасырмады ақсақал.
– Қарты бар үйдің құты бар. Ескіден қалған есті сөз. Сөздің мәнін зерделей қарасаңыз, қазақ қоғамында ақсақалдар интитутының орнын түсінесіз. Жалпы ақсақалды сыйлаған халықпыз ғой, 1 Қазан - Халықаралық қарттар күнімен құттықтау үшін арнайы келдім. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! – деді Руслан Рүстемұлы.
– Рақмет! Өзіңе деген ізетім ерекше. Қашанда абыройлы бол! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! – деп батасын берді Елеусіз Сейдеметұлы.
1964 жылы қиыршық тас зауытына көлік жүргізуші ретінде еңбек жолын бастаған ол 30 жылға тарта табан аудармай еңбек етіп, зейнетке шықты. Қарапайы еңбек адамы ретінде аудан дамуына өз үлесін қосты. Түгіскен массивінде де еңбек етті. Қолына кетпен ұстап, диқаншылық етпесе де, Жаңақорған-Көктөбе бағытындағы жолға тас төсеуге атсалысты.
– 1966-1967 жылдары Көктебеге дейінгі жол салынды. Соған тас тасыдық. Ол кезде бүгінгідей көпір жоқ. Қожакенттің тұсында Құрбан деген пароншы болатын. Сырдың арғы бетіне бір жүк көліктен өткізетін... – деп еске алды өткен кезді еңбек ардагері.


Одан кейін аудан басшысы Хорасан ата көшесі №26 үйінің тұрғыны Наталья Чулькованы мерекемен құттықтады. Ішкі істер саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан ананың тілеуі елдің тыныштығы, жұрттың амандығы.
– Ардагерлер күні құтты болсын! "Ар", "намыс" сөзімен ұштастасатын "ардагер" деген тіркес мәнді, мағыналы естіледі...
...Деніңізге саулық, шаңырағыңызға шаттық тілеймін! – деді әкім.
Қазақ тілін еркін меңгерген кәріс ұлтының өкілі қонақжайлық танытып, өзі пісірген бауырсақтан дем татуды ұсынды.
Екі жақты әңгіме барысында Алтайдан тамыр алатын ұлттардың діңгегі бір екенін, қазақ, керіс ұлтының тіліндегі және мәдениетіндегі ұқсастықтары жайында да айтылды.

Зұлпыхар Мұсаханов көшесіндегі №70 үйге де арнайы барды. Онда 83 жастағы Мазина Нафикова тұрады.
Қарт ана: – Ел тыныш болсын! Істерің алға басып, елге істеген қызметін берекелі болсын! – деп батасын берді.
Әкім ежелден татар-қазақтың рухани-мәдени байланысы берік болғанын әңгіме арқауы етті. Абайдың тұңғыш кітабы Қазанда басылса, алаш зиялары Татарстанда білім алды...
ХХ ғасырдың 50 жылдары Татарстаннан келіпті. Жаңақорғанды жерсініп, аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінде қарапайым жұмысшы болып істеп, зейнетке шығады. 


Қазақ-татар тілін араластырып сөйлеген Мазина әжей шаңырағына тұңғыш рет әкім келіп құттықтап жатқанына марқайып қалғанын айтты.

P.S.: Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі ақсақалдар десек, оларға құрмет көрсету әдептіліктің жолы деуге болады...

Ж.Сейдеметов.
01 қазан 2020 ж. 679 0