Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дарын дара жол табады

Дарын дара жол табады


Жас өркеннің мектепте алған білімді қанағат көрмей қосымша ілім-білімге құмартуы қуанарлық жағдай.


Дарынды жасқа қолдау жасайтын құзыретті орындар жағынан ақсап жатқан ауылдарда осы кемдіктің орнын толтыруға талап қылып тар мекен, тапшылық жағдайда күн кешсе де бала білімін теориялық жағынан демеп, дарын-қабілетінің көкжиегін ашуға қажыр-қайрат жұмсап келе жатқан ізденімпаз тұлғалар бар. Солардың қатарында Жаңақорған кенті орталығында пошта мекемесі жанындағы екі қабатты ғимараттың үстіңгі қабатын тұтас жалға алып, «Дарын» орталығына айналдырып, 5, 6, 10, 11 сынып оқушылары білімін тереңдетуге жұмыс жасап келе жатқан азамат Дәурен Ықтиярұлына арнайы жолығып, былтырғы жетістіктерімен бөлістік. Бүгінгі мектептердегі онлайн ережесі мұнда қалай көрініс тауып отыр екен, оны да білгіміз келді.
Бір білгеніміз, орталықта сабақ дәстүрлі мазмұнда өтіп жатыр.
Барлық санитариялық ере­желерге сәйкес сыныпта оқытуға рұхсат алынған.Әр бөлімде 5-6 баладан бөліп оқытуға жағдай жасалыпты. Өткен жылы, оқу ошағының тұсауы кесіле сала жетпіске жуық талапкер табал­дырық аттаған. Мұнда мектеп бағдарламасына қоса кеңістікті тануға тәрбиелейтін Логика пәні тыңнан қосылып отыр екен. Маман кадрды Орал «Достық» университетінен таңдап отыр.
Орталық басшылығының ұйым­дастыруымен шәкірттер был­тыр Қызылорда инно­ва­ция­лық лицейінде болып, бір күндік тыныс-тіршілігімен таныс­тырылыпты. Мектеп бітірушілерді Шымкент қала­сын­да ұйымдастырылған жоға­ры оқу орындары жәрмеңкесіне қатыстырып, сонда 51 мемле­кеттен жиналған универ­ситет жарнамасымен тереңірек таны­суына мүмкіндік беріліпті.
Ізденісті жұмыс нәтижесін берді. Жыл аяғында карантин, тағы басқа кедергілерге байланысты 11 сыныпты толық аяқтап шыққан 15 оқушының 15-і де жоғары оқу орнына грантқа қол жеткізіпті. Сондай-ақ, орталықта қосымша білім алған аудан орталығындағы №169, №110, №125, №163 мектеп оқушыларынан 7 оқушы 7-сыныптан бастап Назарбаев Зияткерлік білім ордасына, 4 оқушы «Білім – Инновация» мектебіне қабылданыпты.
Әрбір ата-ана баласының толыққанды білім алғанын қалайды. Орталықта талапкерге білім берумен қатар түрлі тәрбиелік шаралардың қолға алынуы, әсіресе кітапқа қызығушылықты арттыру жұмыстары құптарлық. Сайып келгенде, баланың пайдасына жарайтын, сарқылмас қазына көзі – білімге ынталандырудың түрлі тәсілдерін шығармашылықпен практикада кең қолдануға ізденісте жұмыс жасап отырған орталықтың келешегінің мұнан да зор екеніне сенгіміз келеді.

Баян ҮСЕЙІНОВА
29 қыркүйек 2020 ж. 425 0