Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесіне ерекше тоқталды.
Бұл ретте, орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажеттігін, оған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиістігін және Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керектігін атап өтті.
Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылдың соңында жұртшылықты кеңінен тарта отырып, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізілген болатын.
Аталған бастама заң шығару процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің таралуына байланысты уақтылы алдын алу шарасы болып табылады.
Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілердің жобаларынасыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге дайындық жұмыстары пысықталуда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті 2019 жылдың 26 қарашасында «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Айта кету керек, бұл норма Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен заңға енгізілген.
Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметшілер –министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек.
«Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға сұрануға міндетті».
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол қойған заңда басшыларға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті енгізілген. Бұл міндеттің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеліп соғады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шаралардың бірі бұл алдын алу шаралары яғни,жемқорлықтың алдын алу, оны мейлінше азайту мемлекеттік саясаттың да басымды бағыттарының бірі.
Осы бағытта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі шаралар жүргізіліп келеді.
Қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің биліктің жоғарғы эшалондарынан бастап қарапайым қатардағы қызметкерлердің деңгейіне дейін көрініс тапқандығы, тіпті сыбайлас жемқорлықтың тұрмыстық деңгейге дейін жетіп, санамызда қалыпты жағдай ретінде орын алуы, қоғамдағы өзекті өртеген мәселелердің негізгісіне айналғандығы шындық.
Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда одан әрі аянбай еңбек етіп, жемқорлықтың алдын алу шараларын белсенді жүргізе бермекпіз.

Мақаланы дайындаған:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
басшысының орынбасары
Яғмусов Руслан Файзуллаұлы