Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » МЕМЛЕКЕТКЕ АДАЛДЫҚ – АСҚАҚ ҰҒЫМ

МЕМЛЕКЕТКЕ АДАЛДЫҚ – АСҚАҚ ҰҒЫМ

– Дүниежүзінің ортақ трагедиясына айналып отырған сыбайлас жемқорлық мәселесімен ымырасыз күрестің өз тәуелсіздігіне ие болған мемлекетімізде табанды қолға алынуы осы кезеңдердегі саяси және экономикалық жүйеде орын алған өзгерістердің көптігіне де байланысты. Бұған дейін мемлекет қарауында болып келген меншіктің жекенің иелігіне көшуі оған қадағалауды қатаңдатуды қажет ететіні де түсінікті.
Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі кешегі жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жариялаған Жолдауында айрықша қамтылды. «Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет. Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс» деп атап көрсетті. Осы орайда «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің қоғамдағы қызметіне айрықша тоқталуға болады.
Бірлестік Қазақстан Республикасы Президентінің бастамашылдығын қолдау, қалың бұқараны қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресуде құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарға көмек көрсетуге шоғырландыру, сыбайлас жемқорлықты және өзге де ұйымдар мен қызметтердің лауазымды тұлғаларының қызмет бабын теріс пайдалану жағдайларын анықтауға көмектесу, сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды анықтау бойынша талдау жүргізу және оларды жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу, қоғамда осындай ұнамсыз әдетке қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылды.
Бірлестіктің өз облысымызда филиалы құрылып, жұмыс атқаруда. Филиал қызмет­керлері бірлестікпен бекітілген жоспарларға сәйкес жұмыс жасайды. Бүгінде филиал қызметінің негізгі бағытын, құрылымын анықтау, жоспар бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу талабы – жалпыға ортақ, бүгінгінің баяндылығы мен болашағының жарқын келбетті болуын қалайтын әрбір тұлғаның тұла бойынан тыныс табары анық.
Сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған мекеме-ұжымдарда оған қатысты тұлғалардың жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу, яғни жазаны қатаңдату мен нақтылау шаралары мұндай келеңсіз құбылыстың жолын тыю мен азайтуға мықты механизм қалыптастыратыны жөнінде Жолдауда қамтылып, Мемлекет басшысы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы тиісті құзыретті орындар қызметін қатаңдату жөнінде тапсырма берді.
Қоғамдағы кез келген, өз еңбегіне сенген, маңдай терінің өтелуіне мүдделі әрбір тұлға айнала өмірде ашықтық пен жариялылықтың салтанат құрғанын қалайды. Біздің міндетіміз – осы ортақ мақсатқа хал-қадірімізше үлес қосу.

Динаш АХМЕТОВА,
«Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған аудандық филиалы директоры:

07 қыркүйек 2019 ж. 627 0