№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаматтарды құжаттандыруда жеңілдік көп

Азаматтарды құжаттандыруда жеңілдік көп


Адам өмірінің бүкіл құндылықтары құжаттан тұрады. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуде белгіленген заңдылықтар шеңберінде сапалы қызмет көрсету мәселесі бүгінгідей елімізде төтенше жағдай орын алған пандемия кезеңінде әсіресе маңызды. Біз осы орайда аудандық хал–актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Гүлнар Абдуллаеваны әңгімеге тартқан едік. Біздің алғашқы сауалымыз мекеменің онлаин қызметі тақырыбына арналды.


– Цифрлық электрондық қолтаңба механизмінің қалыптасуы адамның өмірге келген күнінен бастап жарық дүниеден өткенге дейінгі тектік және сапалық деңгейін куәландыратын кілт болып табылады. Сондықтан бұл әрбір тұлға үшін басты қажеттілік, – дейді ол бізбен әңгімесінде.
Қарапайым тілмен айтқанда жаңа туған сәбиден бастап қарияға дейін цифрлық кілт арқылы құжатпен қамтамасыз етіледі. Мәселен, перзентханада туылған сәбидің туылғаны жөніндегі анықтама біздің бөлімге келіп тіркелгеннен кейін туу туралы куәлікті заңдастырып, иелерінің қолына табыс етеміз. Сондай-ақ, кісі марқұм болған жағдайда қайтыс болғандығы жөнінде дәрігердің берген анықтамасы негізінде бізге өтініш түсіріледі де біз оған құжат береміз. Бұл шараларды атқаруда Үкімет порталына Еgov-та Отбасы деп аталатын қызмет түрлері парақшасына кіріп, өтініш бере аласыз.
– Бүгінгі таңда азаматтардаң хал актілерін тіркеу саласында қандай заңнамалық өзгерістер бар?
– Елбасының мемлекеттік қызмет көрсету саласын толықтай электронды форматқа көшіру
бойынша тапсырмасын орындау
мақсатында әділет министрлігімен қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентімен ағымдағы жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңына қол қойылды.
Мысалы, қазіргі кезде ерлі-зайыптылар сот арқылы некесін бұзып, содан кейін АХАЖ органдарына барып куәлік алуы қажет болса, өзгерістерге сәйкес сот шешімі заңды күшіне енген сәттен, автоматты түрде неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғаны туралы белгі қойылып, куәлік алудың қажеттілігі алынып тасталды. Енді азаматтар АХАЖ органдарына бару қажеттілігінен босатылды.
Конститутцияда және кодексте кепілдік берілген отбасы құпиясын, бала асырап алудың, баланың шығу тегінің құпиясын сақтау мақсатында әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу тараулары алынып тасталды. Бұл ретте, баланың жеке және ата-анасы туралы деректері туу туралы куәлікте ғана көрсетіледі.
Қазір баланы асырап алған немесе әкелік анықталған кезде балаға 2 куәлік беріледі. Асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәлік. Жаңа өзгерістерге сәйкес артық құжаттарды жою мақсатында азаматтар үшін де, тіркеуші орган үшін де тәртіпті жеңілдету арқылы балаға қажетті тек туу туралы куәлік беріледі.
Енді азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерін тіркеу, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, акт жазбаларды қалпына келтіру және жою қайталама куәліктер мен анықтамалар алу бойынша мемлекеттік қызметтер экс-аумақтық қағидат бойынша көрсетіледі.
Мысалы: азамат құжаттарын жоғалқан жағдайда, қай аумақта тұратынына, қайда туғанына қарамастан, кез-келген тіркеуші органға барып, қайталама туу туралы куәлігін ала алады, ХҚКО орталықтары арқылы өтініш беру міндетті.
Ата-аналардың таңдауы бойынша sms хабарлама арқылы тууды проактивті жолмен тіркеу мүмкіндігі заңнамалық түрде реттелді.
Сонымен қатар, бала перзентханада туылса, анасының жеке басын куәландыратын құжатының болмауына қарамастан нәрестеге міндетті түрде туу туралы куәлік беріледі.
Шет елде туылған балалардың тууын тіркеуге негіз болатын құжаттардың тізімі кеңейтілді. Бүгінгі таңда шетелде туылған баланың туу туралы мәліметі ақпараттық жүйеде жоқ, себебі туу туралы куәлік шетелдің тіркеуші органынан берілген.
Осыған орай, егер баланың ата-анасы Қазақстанның туу туралы куәлігін рәсімдегісі келсе, олар қалауы бойынша тіркеуші органға барып, шетелде берілген туу туралы куәлікті (қажет болған жағдайда апостиль мөрі қойылған немесе заңдастырылған, қажетті құжаттарын жинақтай отырып) ұсынса жеткілікті. Баланың нақты туылған жері көрсетіліп, жаңа туу туралы куәлік беріледі.
Мысалы: бала Өзбекстанда туылса, ата-анасы туу туралы куәлігін ұсынып, баланың туған жері Өзбекстан деп көрсетілген қазақстанның куәлігін ала алады. ТМД елдерінде берілген құжаттарға апостиль қою немесе заңдастыру қажет еместігін атап өту қажет.
Бұл новелла шетелде туылған Қазақстан Республикасы азаматтарымен өз балаларына қатысты толыққанды мелекеттік қызметтерді мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұру,денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу, жәрдемақы алу, қарыз жүктемесін алып тастау және тағы да басқа қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
АХАЖ саласындағы өзгерістер халықтың уақыт және қаржы шығындарын едәуір қысқартып, мемлекеттік қызметтерді барынша сандық көшіруге мүмкіндік береді.
Редакциямызға телефон шалған бір азамат бүгінгі таңда Шымкент қаласында тұратынын, ал негізгі туған ауыры – Жаңақорғанның Қандөз елді мекені. Туу туралы куәлігі жоғалған. Қайта рәсімдеу үшін Жаңақорған аудандық АХАЖ бөліміне келуі керек пе?
– Жоқ. Ол өз үйінде отырып Жаңақорған аудандық АХАЖ бөліміне өтініш жолдай алады. Ол туралы ақпараттыр жиынтығында дереккөз бар. Оны республика көлемінде кез келген жерде, кез келген уақытта ала алады. Яғни, азамат өзі тұратын Шымкент қаласындағы ХҚКО мекемесіне барып, өтініш жасады. Сол жерден ол жоғалған туу туралы куәлігінің заңды көшірмесін ала алады. Цифрлық технологияның басты жетістігі де осы.
– Сұхбатыңызға рахмет. Халық қызметіне бағытталған еңбектеріңе зор табыс тілейміз.

Сұхбаттасқан Баян ҮСЕЙІНОВА
12 тамыз 2020 ж. 536 0