№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖАС АНАЛАРҒА ЖЕҢІЛДІК КӨП

ЖАС АНАЛАРҒА ЖЕҢІЛДІК КӨП

Құжат – адам үшін ең басты құндылық ретінде сәби шыр етіп дүниеге келген күннен бас­тап маңызды. Осы орайда  перзентханада жас босанып жатқан әйел-аналарға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызмет көрсету жан-жақты электрондық форматқа көшті. Бағдарламаны кеңінен қолданысқа енгізуді насихаттау мақсатында халыққа қызмет көрсету мамандары жас аналармен түсіндіру, кеңес жұмыстарын жүргізіп келеді. Мемлекеттік қызметтің онлайн жүйесі бойынша тәртібі төмендегідей:
Жүкті ана egov  парталына тіркелуі тиіс. Жас сәбилі болған сағатында оның ұялы телефонына арнайы орыннан СМС- құттықтау келіп түседі де, ол одан әрі оның талаптары бойынша әрекет етеді. Жеке куәлігі, неке туралы куәлігі, жеке шот нөмірі туралы ақпараттар алмасу бойынша жаңа туған сәбидің туу туралы куәлігін, босанғаннан кейін берілетін бір жылғы төлемдер (жөргекпұл) және нәрестеге бір жасқа дейін тағайындалатын жәрдемақыға қажетті құжаттарды рәсімдей алады.
Осы бағытта аудандық перзентханаға арнайы бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет  мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес   акционерлік қоғамының Жаңақорған аудандық филилалы  маманы  Ғазиза Жантелова жас босанған аналарға туу куәліктерін тапсырды.  Біз аудандық перзентхананың меңгерушісі Сәуле Бектұрғанованы әңгімеге тартқан едік:
– Перзентханада  орталықтыңэлектрондық бағдарламасы арқылы баланың туу туралы куәлігі рәсімделеді. Екіншіден, балабақшаға кезектілігі тіркеледі. Жәрдемақыға өтініштер қабылданады. Жас ана үшін бағдарламаның тиімділігі өте жоғары. Біріншіден, кезекке тұрып, уақыт жоғалтып, денсаулығына да кінәрат келмейді. Шалғай мекеннен ары-бері қатынап, қаржы шығындамайды. Сондықтан «Электрондық үкіметтің» кезекті қадамына үлкен ризашылығымызды жеткізгім келеді, – десе, жас аналардың атынан Қожакенттік Динара Мамыраева өздеріне көрсетіліп жатқан жеңілдікке алғысын білдіріп, осы бағытта тиісті тараптар жұмысына сәттілік тіледі.
Мемлекет басшысының цифрландыру талабы бағытында басымдық алған әр қадам осындай тиімділігімен қуантады.
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
28 шілде 2018 ж. 718 0