№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жоспарлы медициналық көмек 1 тамыздан бастап қайта жанданды

Жоспарлы медициналық көмек 1 тамыздан бастап қайта жанданды


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 тамыздан бастап халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсету жоспары әзірленді. Бірінші кезекте, COVID-19 қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатыстырылмаған стационарларды кезең-кезеңмен іске қоса отырып, республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникаларда, монопрофильді клиникаларда жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі, деп хабарлады «ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Пандемия кезеңінде көптеген жоспарлы қызмет кейінге қалдырылғанын ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерге деген сұраныс айтарлықтай өседі деп болжап отыр. Осыған байланысты медициналық көмекті қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізілуде.
Қордың болжамы бойынша, үшінші тоқсанда жоспарлы көмек көлемі МӘМС жүйесін енгізу кезінде көзделгендей, жыл басындағы деңгейге дейін өсуі мүмкін.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда барлығы 32 896науқас емделді, оның ішінде жоспарлы түрде 12 584 адам (37,4%), екінші тоқсанда 27 637науқас емделді, оның ішінде жоспарлы түрде 9 018адам (32,7%) емделді.
Осылайша, екінші тоқсанда МӘМС жүйесіндегі қызметтер көлемі төмендеді: бірінші тоқсанмен салыстырғанда жоспарлы емдеуге жатқызу 4,7% - ға, медициналық оңалту 1,8есе (45%) төмендеді. Ал жоғары технологиялық қызметтер көлемі 53% - ға өсті.
«Денсаулық сақтау жүйесі вирусты жеңеді деп үміттенеміз және Қорпациенттер алдындағы өзінің іске аспай қалған міндеттемелеріне қайта оралады», - деді Бақыт Исмаханбетов.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
07 тамыз 2020 ж. 587 1

Gretta от 9 қазан 2021 18:20
Hi, we are offering very cost effective and results driven google ranking services. We will help you get to page 1 of Google within 3 to 5 months and our SEO campaigns start with $150. If you are looking to avail this kind of service or to outsource the work of your clients in the near future, please send an mail to us. Reply " Interrested " to below address miyuru2y@gmail.com