№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тазалық - мәдениеттіліктен

Тазалық - мәдениеттіліктен

Соңғы жылдары Жаңақорған кентінің әкімшілік аумағы кеңейіп, халық саны артты. Арғы шеті мен бергі шетіне ондаған шақырым қосылды. Осыған орай қоғамдық көліктерге сұраныс арта түсті. Енді қатынасты реттеп, тұрғындардың орталыққа қатынауын шешу қажет-ақ. Мұңы "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында шешуге болады. Ол үшін бәрін мұқият жоспарлап, қаржыны тиімді жұмсау үшін асфальт түсетін көшелерді маңыздылығына қарай анықтау қажет.
Аудан басшысы Сұлтан Мақашов осының мән-жайын анықтау үшін жолға шықты. Тиісті сала басшыларымен бірге МАИ бекеті, Иппадром, Саяжай, Алтыкрант, Қорғантоғай, Жаңауыл аймағындағы көшелерді көрді. Бұл жөнінде "Жаңақорған тынысы" газетінен толық оқи аласыздар...
Айтайын дегенім, кент көшелерін аралау барысында көшелердің кез-келген жері мусордан көш ашпайтынын көрдік. Пакеттер, памперстер және құтылар көптеп ұшырасты. Мұны айдан жатпланеталықтар немесе көрші ауданның тұрғындары әкеп тастамағаны анық. Өзіміз шаштық. Оған бойымыз да әбден үйреніп кеткендей.
Тұрғындар ауласындағы тұрмыстық қалдықтарды көшеге тастағанын да көз көрді.
Бұл қалай болғаны? Тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалай көтереміз? Тазалықты қалай сақтауға болады?
Сұрақ көп. Жауап....

                                                                                                                                   Нұрлат БАЙКЕНЖЕ
29 қыркүйек 2019 ж. 816 0