№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Саяжайға жол түсті!

Саяжайға жол түсті!

Жол салу – қайырымы мол сауапты іс. Осы тәмсілдің тереңін ұққан аудан әкімі Сұлтан Мақашов карантин уақытын тиімді пайдаланып, кент көшелерін ретке келтіріп, жол қатынастарын жақсартуға пәрмен берді. Қарқынды жүріп жатқан жұмысты көзбен көріп, жауапты мамандардың пікірін тыңдап қайттық.

Биыл Жаңақорған кентінің шеткі аумақтарына асфальт бара­ды. Мұны кент әкімі Есдәулет Сейілов жеткізді.
– Жиындарда, әлеуметтік желіде жиі көтерілетін мәселе кент­те­гі жолдардың жай-күйі еді. Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлымен бірге өткен жылы аудан орталығын аралап, асфальт түсетін көшелерді айқындадық. Күзге дейін жұмыс қарқынды жүріп, халық иігілігі үшін жолды реттемекпіз, – деді кент әкімі.
Алғашқы асфальт төсеу жұмы­сын «Саяжай» аумағы мен №110 мектеп-лицейімен жалғайтын жол­дан бастауы тегін емес. Бұл жол­мен көктем-күз айларында батпақ кешіп, аяқтан сыз өтіп, қиындық кешкен тұрғындар орталыққа немесе мектепке қатынайды. Ен­ді бұл тауқыметтен бір жола құтылады.
«Саяжайдың» тұрғыны Айжан Мырзахметова: «Мектепке және балабақшаға бала қатынау қиын еді. Тұрғындардың талап тіле­гін ескеріп, жанашырлықпен жағдай жасап отырған аудан бас­шыларына халық дән риза», – деп қуанышын білдірді.
Иә жаңбырлы күнде адам тұрмақ көліктің өзі батып жүруі қиын болатын. Ұзындығы 1590 шақырымға созылған көшенің құрылысын «Шиелі Жолы» ЖШС жүргізді.
Бір ай көлемінде атқарған жұмы­сы туралы мердігер ком­па­нияның құрылыс шебері Олжас Абдуллов баяндады: «Көше­ні бірінші тегістеп, ойлы-шұқырын жауып алдық. Құм, тас, бетон, смола секілді құрылыс материалдарын тиісінше пайда­ландық. Сапасы стандартқа сай, ыстық суыққа төзімді».
Айта кетерлігі, бұл көше Саяжайдың барлық көшесін қиып өтеді. Бүгінде үшінші көшесі дейінгі жерге асфальт 5 см. қалындықпен төселді. Бір айдың ішінде жұмысты тиянақты орындаған мердігер мекеме жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтыды. Олар 85 мың теңге көлемінде айлығын алды. Соның бірі – Азамат Жақсылықұлы: «Бұл жұмыс маған ұнады. Бір жағы, өзіңнің туған өлкеңнің көркеюіне үлес қоссаң, екінші жағынан, табыс табасың. Жұмыс барысында қиындық болуы заңдылық, алай­да ер азаматқа тән мінез бен шыдам­дылық таныту керек. Тамақ пен сусын да, тынығу уақыттары да ережеге сай болды. Жұмыс барысында маскалы режимде сақтадық, – деді жерлесіміз.
Саяжайдың белсенді тұрғыны­ның бірі Серік Мұсабаев:
– Жол төсейміз деп келген жолшы жігіттердің тынымсыз тіршілігі көз алдымнан өтті. Әрбір ісіне мән беріп, жолдың барынша сапалы болуын көше комитеттері және кент әкімінің мамандарымен бірге қадағалап жүрдім. Сметалық құжатқа енбей қалған бөліктерді қостырып, халыққа тиімді болуына ықпал еттім. Жол салушы жігіттер де өте иманды, саналы азаматтар екен. Бір де бір рет салғырттық танытпай, тиісті жұмысын жасады. Әкімдерге тұрғындар атынан ризашылық білдіремін, – деді.
Күрделі жөндеу көруге тиіс жол­дың алғашқысы аяқталып, пайдалануға берілуде. Әкімдіктің сөзінше көпке қуаныш сыйлаған бастамалар әрі қарай жалғасып, күрмеуі көп жол мәселесі бірітіндеп шешімін табады. Алдағы уақытта бас көше – Хорасан ата мен Аманкелді көшесі кеңей­ту, жаңарту ісі жүргізілсе, шеткі аймақтар – МАИ бекеті, Қорған­тоғай, Иппадромдағы көше­лерде де орташа жөндеу жұмысын көреді. Біз мұны үнемі назарда ұстайтын боламыз.


Мақпал ПАТЕНОВА
20 маусым 2020 ж. 669 0