№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биылғы ҰБТ-да қандай жаңашылдықтар бар

Биылғы ҰБТ-да қандай жаңашылдықтар бар

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа жағдайда өткізуге дайындық мәселесі қаралды. Дайындық жұмыстары туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады.

 Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл 17 рет өткізіледі. Осы кезең аралығында тестілеуге 2 млн-ға жуық адам қатысты.
А. Аймағамбетов атап өткендей, 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында). ҰБТ форматы өзгертілген жоқ, 5 пән бойынша қағаз түрінде: 3 міндетті және 2 бейіндік пән бойынша өткізіледі. Барлық тест тапсырмаларының саны – 120, максималды балл – 140.

«2020 жылғы 15 сәуірден 13 мамырға дейін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылданды. Осы жылы өтініштер онлайн форматта, сондай-ақ, өтініштерді қабылдау пункттерінде қабылдау жолымен қабылданды (интернеті жоқ немесе әлсіз жылдамдықтағы интернеті бар қашықта орналасқан ауылдық өңірлер үшін).


 Осы жылы ҰБТ-ға қатысу үшін 111 мың адам өтініш білдірді, өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары», — деді білім және ғылым министрі. ҰБТ-ға қатысу үшін барлығы 131 755 өтініш тіркелді, оның ішінде 110 678 өтініш онлайн форматта және 21 077 өтініш қабылдау пункттерінде қабылданды. «ҰБТ бекітілген мерзімде 20 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатал түрде сақтау арқылы 161 ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі», — деді А. Аймағамбетов. 

  Биыл ҰБТ тапсыру ережесіне енгізілетін жаңашылдықтар: ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды онлайн тапсыру және кіру кезінде бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) тұлғаны сәйкестендіру; ҰБТ электрондық сертификатын және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлікті енгізу;

 SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тесттерінің балдарын ҰБТ балына аудару шкаласын енгізу. Көрсетілген сертификаттарға ие тұлғалар ҰБТ тапсырудан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады;  академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған, ҰБТ шектік балын жинамаған түлектер жыл ішінде ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие;

  педагогикалық даярлау бағытына түсушілер үшін ҰБТ шектік балын 70 балға көтеру; ҰБТ өткізу бейнежазбасының сараптамасын өткізу және оқуға түсушілердің тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесін, сондай-ақ, білім беру грантын жою;

 Сондай-ақ түлектерге тест тапсыру орындарында калькуляторлар берілетін болады және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа өзгертілетін болады.  Бұған қоса ата-аналарға және басқа алып жүруші тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады. «Ата-аналарға ҰБТ өткізу барысын қарау үшін онлайн таратылым жасалады. ҰБТ өткізу пункттері баррикадалық ленталармен қоршалады. ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі тестіленушілердің арасында 2 метр қашықтық сақталуын қамтамасыз етеді.

 Бұл қашықтық ҰБТ тапсыру кезінде де сақталады. Ғимаратқа кіру есіктері және ҰБТ өткізу процесі видеобақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі», — деді білім және ғылым министрі.  161 ҰБТ өткізу пункттерінде 50% толтырумен 1200 аса аудитория іске қосылады. Коронавирус инфекциясының таралу қауіпін азайтуға арналған зарарсыздандырудың 5 шарасы қолданылады: 

  тест тапсырушыларды зарарсыздандыру тоннельдерінен өткізу;  аяқ-киімдерді арнайы зарарсыздандыру кілемшелерімен өңдеу; 

 қолды санитайзермен тазалау;  дене қызуын өлшеу;  бір реттік маскаларды беру.  ҰБТ өткізу кезінде тест тапсырушыға ұялы байланыс құралдарын және басқа да радиоэлектрондық байланыс құралдарын кіргізуге тыйым салынады.  «Тестілеу материалдары 100% басып шығарылды, барлық аудиториялар бейне бақылаумен және ұялы байланысты 100% басатын құрылғылармен жабдықталды.

 ҰБТ өткізу пункттерінде бейне көрсетілімі бар мониторлар орнатылды. Мемлекеттік және апелляциялық комиссияның құрамы бекітілді», — деді А. Аймағамбетов. 

  Өңірлердің Бас санитарлық дәрігерлерімен келісілген қатал санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және ҰБТ-ға кіру кезі мен өткізу барысында тестіленушілердің арасында 2 метр қашықтықты сақтай отырып ҰБТ тапсыру жоспары әзірленді.


Ақпарат көзі: primeminister.kz


03 маусым 2020 ж. 604 0