Білім министирі ҰБТ-ға өзгеріс енгізді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық бірыңғай тестілеу ережесіне қандай өзгеріс енгізілгенін айтты.

"Енді, былай болады. Егер сені металл іздегіштен өткізгенде ұялы телефон анықталса, ұлттық бірыңғай тестілеуге мүлдем кіргізбейді. Себебі алдағың келді, тәртіп бұзатыныңды біле тұра, алып келдің. Осының өзі емтиханға кіргізбеуге себеп бола алады", - деді Аймағамбетов сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде.
Оның сөзіне қарағанда, ондай тәртіп биыл ақылы ҰБТ-дан бастап енгізіліп отыр. Соның арқасында тыйым салынған заттарды алып келу көрсеткіші төмендеді. Бұған дейін ондай заттар тестке келген түлектердің 60 процентінде анықталса, биыл осы көрсеткіш бірден 5 процентке төмендеп кетті.
"Енді, наурызда бір тест өтеді. Одан кейін маусым айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу бар. Онда гранттар сарапқа салынады. Сол кезде қатаң бақылау болады. Мектеп түлегі тыйым салынған затпен келсе, мейлі, көшіріп үлгермесе де, біз тиісті акт толтырып, ондай адамды тест тапсыру залынан шығаратын боламыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.