№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сот жұмысы онлайн режимінде жалғасады

Сот жұмысы онлайн режимінде жалғасады


Президент Жарлығымен елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде республиканың барлық соттарында сот процестері онлайн режимде қаралды. Карантиндік шектеулер кезінде де сот жұмысы онлайн режимінде жалғасады.
Бұл азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында, қабылданған шара болып табылады. Барлық талап арыздарды, істерді тек электронды түрде қабылдау жалғасын табады.
Сотқа жүгіну қажет болған жағдайда, "Сот кабинеті" электронды сервисі қолданылады. Жеке жəне заңды тұлғалар "Сот кабинеті" электронды сервисінің көмегімен талап арыз, шағым жəне сұраныс беріп, орындалуын бақылай алады.
Сот отырыстары қашықтықтан "WhatsApp", "TureConf"мобильді қосымшаларының көмегімен өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданған төтенше жағдай режимі ел аумағында тоқтатылғанымен кейбір аймақтарда коронавирус індетінің таралуы бəсеңдемей отыр. Осыған байланысты, эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін Қызылорда облысы аумағында карантин мерзімі ұзартылды.
Жаңақорған аудандық сотының онлайн жұмысы бойынша туындаған сұрақтарыңызды 8/72435/21-4-84 номеріне қоңырау соғып білулеріңізге болады.

Алия Түбекбаева,
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы
14 мамыр 2020 ж. 749 0