» » ХХІ ғасыр – биология ғасыры

ХХІ ғасыр – биология ғасыры


Өз кезегінде ғалым-биолог Нұрлыбек Мүрсәлі: «Коронавирустан кейін әлем мүлде басқаша болады. Бұған 100 пайыз сенімдімін. Оның бір үлгісін қазір АҚШ-тан анық көруге болады. Сонымен қоса ғылымға деген көзқарас та өзгереді. Ғылымның көп саласы зерттелді, тек биология бағыты қалды. Сондықтан Қазақстан алдағы дамыту стратегиясын осы салаға бұру керек» деп нақтысын айтты.
Расында, бұл індетті алдын алу жолдарын әлем елдерінің дәрі-дәрмегінен күтпей-ақ, өзара әрекет ететін қағидалар да болу шарт емес пе?! Ендеше биология ғылымына көбірек көңіл бөлетін кез келген секілді. Қазір теледидарды қоссаңыз, көретініміз әртістер мен әншілер, төрт түлік түлеткен ауыл түтіні. Ал ғылымға, техникаға, зауыттар мен фабрикаларға қашан бет бұрамыз. Осыны ойланған жөн. Бұл тақырыпты профессор Қ.Табыновтың пікірімен түйіндесек, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бо-йынша, қазір әлемде COVID-19-ға қарсы 76 кандидаттық вакцина әзірленіп жатыр. Бірақ әзірге бәрі – кандидат екен. Отандық ғалымдар өз кезегінде 3 жыл ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинаның нақты үлгісін әзірлеуді, соңғы 3 жылда клиникалық сынаққа жібреуді жоспарлап отырған көрінеді. Бірақ бізге вакцина керек пе, керек емес пе оны ғалымдар мен тұрғындар еншісіне қалдырайық.
Қорыта айтқанда, бұл тақырыпқа әлі нүкте қойылған жоқ. Жел сөз болама, шын сөз бола ма белгісіз, бірақ ғалымдар вирусты алдын алудың жолын іздестіруде. Оны ауыздықтауды солардың құзырына қалдырайық, ал біздегі міндет жалған ақпаратпен еңсе тіктей алмай жатқан елді езе бермей, қайта жағымды жаңалықпен қуантқан абзалырақ болады. Ең бастысы елдің амандығы болсын.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
16 мамыр 2020 ж. 851 0