№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сабыр жеңіске жетелейді

Сабыр жеңіске жетелейді


– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 коронавирусын пан­демия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Респу­бликасының барлық аумағында төтенше жағдай жариялады. Бұл – 2020 жылдың 16 наурызы сағат 08:00-ден 15 сәуір сағат 07.00-ге дейін жалғасады.
Енді сын сағатында сабыр танытып, бір-бірімізге қолдау білдіруге шақырамын. Қазір дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Ауруханада 25 төсек орын арнайы дайындалды. Барлық іс-шаралар бекітіліп, жоспар бойынша жүргізілуде. Індеттің таралу аймағынан келген адам тіркелген жоқ. Алайда қол қусырып отыруға болмайды. Барынша халықты сабырлыққа шақырып, әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған ақпараттарға сенбеуін ескертеміз. Үй жағдайында жеке гигиенаны сақтап, қолды жиі жуып, бөлме ауасын тазартып отыруға кеңес беремін. Сондай-ақ ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда өз бетіңізше ем алмай, дәрігерге жүгінуге шақырамыз. Бұл – әр адамның қауіпсіздігі үшін маңызды.

Сәкен ҮСЕЙІНОВ,
аудандық емхана меңгерушісі
17 наурыз 2020 ж. 1 221 0