Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Исаевтар әулетіне Алла разы болсын!

Исаевтар әулетіне Алла разы болсын!


⠀Жаңақорған кентінде Абай көшесінің ең басында тұратын Исаевтар әулетін ел жақсы біледі. Бейнеткеш отбасы. Нағыз еңбекқор жастарды көргіңіз келсе, сол отбасына барыңыз. Алла тіл көзден сақтасын, қолдарынан келмейтіні жоқ. Шетінен шебер. Ұлдары ұста.
Айтайын дегенім, бұған дейінгі "ЖЖЖ" ерікті жастарының бастамасымен салынған екі баспананың да шатырын Исаевтар жауып берген болатын. Енді міне, бүгін олар 3-ші үйдің шатырын жабуға кірісіп кетті.(Суретте) Жылда там бастасақ, "бізге шатырын қалдырыңдар" деп алдын ала ескертіп қояды. Біткеннен кейін ақы алмайды. Алайда ұстаның еңбекақысын жеуге болмайды. Біздер зорға дегенде жартылай болса да ақысын алуға көндіреміз. Негізі, нағыз еріктілер осылар. Әйтпесе, олардың қолдары мүлдем бос емес. Жаз маусымында тапсырыстары өте көп. Бірақ солай бола тұра, сауапты істі алғашқы кезексіз орынға қояды. Айтпақшы, сөз соңында аттарын атап кетсек, Исаев Нұрмұхаммед, Нұрман, Нұржан, Үсенов Нұрлыбай, Нұржігіт, Нұрберген бауырларымыз.
Алла берекетін арттырсын, бұл әулеттің!

Жаңарған Жаңақорған Жастары
15 мамыр 2020 ж. 1 025 0