№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Гуілдеген гулянкадан бас тартқан

Гуілдеген гулянкадан бас тартқан



Жаңақорғандық жас отау иелері Қайыржан мен Ақтолқын "Qamqor" әлеуметтік дүкеніне тамаша сый жасады. Гуілдеген гулянкадан саналы түрде бас тартып, "ЖЖЖ" ерікті жастарының "Қармақ" жобасына атсалысты.

Бұған дейінгі постта "Қармақ" жобасы жайлы толық ақпарат берген болатынбыз. Енді міне жастар қолдау көрсетіп, тұрмысы тұралаған отбасына демеу боп кәсіп бастауына көмек көрсетуде.

Жас жұбайлар сыйлаған тұрмыстық заттар әлеуметтік жағынан аз қамтылған кәсіпке бейімі бар жандарға берілетін болады. Ерікті жастар жанынан құрылған комиссия алқасы бұған дейін он шақты отбасыны іріктеп, жоғарыдағы аталмыш заттар сол бағытта алынған.

Алла жас жұбайларға берекелі ғұмыр берсін! Басталған сауапты іс жалғасын табуға тілекшіміз!
07 шілде 2019 ж. 1 065 0