Адвокаттармен және заң консультанттарымен көрсетілетін тегін заң көмегі
Азаматтардың білікті заң көмегін алуы үшін конституциялық құқығын, сондай-ақ әлеуметтік қорғалмаған халық тобының оған қолжетімділігін іске асыру бөлігінде заңнаманы жетілдіру идеясын Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 жарғысымен бекітілген, 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасынан байқауға болады.
Осыған байланысты, ҚР Әділет министрлігімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» Заң жобасы әзірленді, мұнда азаматтарға тегін заң көмегін көрсету жүйесінің ядросы ретінде адвокатураның бастапқы рөлі көрсетілген. Адвокатура қызметін жетілдірудің басты жетістіктері ретінде Тұжырымдамада келесілер аталған:
- қалалық және аудандық мекендерде адвокаттық қызметтермен қамтамасыз етудің әркелкілігі мәселесін өз кезегімен шешу;
- тегін заң көмегін көрсететін адвокаттардың еңбегіне ақы төлеуді әкімшілік ету жүйесін түзету. Осы жүйені жоғырландыру және айқын ету көзделген, бұл бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану құқығын береді;
- шетелдік тәжірибені ескере отырып, адвокаттардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру институтын енгізу.
Қазақстанда адвокаттық қызмет нарығы жеткілікті деңгейде дамыған және озық елдердің көрсеткіштеріне сәйкес келмейді. Оның негізгі себептерінің бірі-адвокаттардың жетіспеуі. Ол өз кезегінде, үміткерлер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылатын өте жоғары кіру жарналарынан туындайды. Алғашқы жарналардың алынып тасталуы адвокаттық мамандыққа жас заңгерлердің кіруіне, адвокаттардың арасындағы бәсекелестікті күшейтуге және олардың санының артуына мүмкіндік береді. Адвокаттардың кәсіби әдеп нормаларын сақтауын, тәртіптік істердің объективті және жанжақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында екі деңгейлі тәртіптік комиссияны құру қарастырылған. Заң жобасымен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына адвокаттармен және заң консультанттарымен құқықтық жағдайдың басынан аяғына дейін тегін заң көмегін көрсету қарастырылған. Ол – pro bono деп аталады. Айта кету қажет, pro bono қызметі міндет емес, ол құқық болып табылады және оны көрсету мәжбүрлі болмайды. Бүгінгі таңда соттарда азаматтың мүддесін заң білімі бар кез келген адам білдіре алады. Алайда осындай көмек сапасыз көрсетілген жағдайда азаматтар өз құқықтарын қорғай алмайды. Осы орайда, соттарда өкілдік ететін жеке тұлғалардың заң консультанттары палаталарына міндетті түрде мүшелікте болуы қарастырылған. Кешенді әлеуметтік заң көмегі бұл іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылдағанға (құқықтық жағдайды шешкенге) дейін жүгінген кезден бастап құқықтық сүйемелдейтін, белгілі тұлғаларға (1 және 2 топ мүгедектеріне, ҰОС қатысушыларға, жасы бойынша зейнеткерлерге және т.б. тұлғаларға) ақысыз тегін заң көмегін көрсету болып табылады.

Ә.Қожантаев
Жаңақорған ауданаралық Әділет басқармасының бас маманы