№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылорда – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша әуе рейстері ашылады

Қызылорда – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша әуе рейстері ашылады


2020 жылғы 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында әуе қатынасы қайта жанданды
Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz.

6 мамырдан бастап Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшуларды «Қазақ Эйр» әуе компаниясы жиілігі аптасына 3 рет орындайтын болады (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері).
Ұшу кестесін «Қазақ Эйр» әуе компаниясының ресми сайтынан көруге болады. Билеттер онлайн түрде сатылымға шығарылды.
Ал, Қызылорда-Алматы бағыты бойынша ұшу кестесі мен орындайтын әуе компаниясы құзырлы министрлік тарапынан нақтылануда. Ол жайлы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Барлық ұшу рейстері Қазақстан Республикасының көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №3 қаулысы талаптарының қатаң сақталуымен орындалатын болады.
Жолаушыларға сапарға шығу барысында бірқатар ережелерді қатаң сақтау міндеттеледі:
1. Теріс нәтижесі бар COVID-19 тест (ПТР-тестін) тапсырғандығы туралы анықтаманың болуы (анықтама берілген күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде жарамды).
COVID-19 тестіні (ПТР-тестін) қолында әуе билеті болған жағдайда ғана Ұлттық сараптама орталығында ақылы түрде тапсыруға болады.
Сараптама орталығы Қызылорда қаласы, Бектұрғанов көшесі 10 А мекен жайда орналасқан. Байланыс тел: 70 10 63. Тест құны – 11 500 теңге, нәтижелердің дайын болу мерзімі – 12 сағат. Тестілеуге қатысты қосымша ақпаратты Орталықтың байланыс нөмерлері арқылы алуға болады.
2. Тіркеуден өту үшін әуежайға ұшудан кемінде 2 сағат бұрын келу.
Әуежайға келгеннен кейін барлық жолаушылар термометрия процедурасынан өтеді. Әуежай ғимаратына тек ұшатын жолаушылар ғана жіберіледі. Сондай-ақ, жолаушыларды тіркеу, ұшаққа отырғызу / түсіру кезінде қауіпсіз әлеуметтік ара-қашықтықтың сақталуы қажет (1 метр).
3. Ұшу барысында жеке қорғаныс құралдарын (маска, қолғап) пайдалану.
4. Қол жүгі мен багаждың аз көлемде болуы. Олардың көлемі мен салмағы әуе компаниямен белгіленеді.
5. Ұшу барысында борт-серіктермен ұсынылған сауалнаманы (анкета) толтыру.
Сонымен қатар, әуежайға қатынайтын арнайы автобус бағыты ұйымдастырылған.


04 мамыр 2020 ж. 397 0