№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!


Төтенше жағдай енгізілгеннен кейінгі карантиндік режим тәртібімен өмір сүріп жатқанымызға да бір айдың шамасы болды. Бұл жаман індеттің елімізде таралу шыңына әлі де жетер емес. Ауданда ауыл шаруақожалықтарының қозғалысы күннен күнге артып отыр. Оларды қазір жұмысқа шығармасақ та болмайды. Егіске, малға шығуымыз керек. Дегенмен, олар кенттен уақытылы шығып, кеште оралса, кентте жүрісті көбейтпеу керек.

Карантин деп қарап отырған жоқпыз, одан кейінгі кезеңде тұрғындардың әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігін жақсарту бойынша жоспарлы жұмыстарды үйлестірудеміз. Қазірдің өзінде бұл мақсаттарға республикалық, облыстық бюджеттерден тиісті қаржыларын алдық.
Биыл құрылыс, жөндеу жұмыстарының өзіне 7 миллиардтан астам қаржы алып отырмыз. Аудан орталығындағы №169-шы және МАИ бекеті мектептерінің құрылысы, Шалқиядан клуб, Жаңақорған кентінен жаңадан стадион құрылысы, Аққорған мен Жаңарықтың клубтарының күрделі
жөндеу жұмыстары, 7 мектеп (86,224,213,194, 89,51,125) күрделі жөндеуге, шешімін таппай келген Жанарық көпірін салуға, Сумағар каналын тазалап, қазуға
Жиделі су тоғанын жөндеуге,аудан орталығының тұрғын үйлеріне толық су жүйесін кіргізуге, Жаңақорған кентінің
29 көшесіне орташа жөндеуге (асфальт)
бес көшеге тротуар салуға, жеті көшеге жарықтандыруға, аудандық маңыздағы Бесарыққа, Жайылмаға, Бесарық су
қоймасына және Келінтөбе - Бесарық жолдарын жөндеуге қаржыларын шештік.
Басқа да ағымдағы жөндеу, абаттандыру
жұмыстары жасалады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда, өте қомақты жұмыс. Жыл көлемінде әлі де қосымша қаржыландыру көздерімен жұмыс жасап, жобаларды қосамыз. Алда жұмыс көлемі көп,ол өз кезегінде қаншама жұмыс қолын қажет етеді. Сондықтан аудан жастары, қолынан құрылыс, жөндеу жұмыстары келетін азаматтардың барлығы сыртқы аймақтардан жұмыс іздемей, осы нысандарда жұмыс жасауын ұйымдастыруымыз қажет. Мамыр айының 20 - нан әрі қарай жұмыстарды бастаймыз. Бұл аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуына дұрыс болады.
Сондықтан қазіргі карантиндік шектеуге
азғана уақыт шыдамдылық жасап,аман сау осы тірліктерімізге кірісейік.

Оразаларыңыз қабыл болсын!
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов
25 сәуір 2020 ж. 380 0