№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Жаңақорған

   Жаhандық қиындықтарға қарамастан, жаңа ғасырдағы жаңарған Қазақстанды әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарына кіру мақсатымыз, қарқынды экономикалық даму жолына бет алу тарихи мүмкіндігіміз.


  Елбасы Жолдауда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елді цифрлық трансформациялау және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, цифрлық технологияларды дамыту және экономиканың, оның ішінде көлік және логистика саласының бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін инфрақұрылымды, барынша дамытуды қамтамасыз етуді міндеттеді. Осы тұста, Тәуелсіздікті мәңгі ету мақсатында «Мәңгілік Елге» ұмтылған жасампаздық жолын Жаңақорғандықтардың да әлеуметтік – экономикалық дамуынан байқауға болады.
Жаңақорған кентінің жалпы жер көлемі 2829 га, халқының саны 32 334, отбасы саны 5193. Жан басына шаққандағы жер көлемі 0,09 га.
Кентте әскери қызметке шақырылып, медициналық сараптамадан 1060 адам өтуге тиіс болса, 240 адам медициналық сараптамадан өткізіліп, 28 адам әскери қызмет қатарына жіберілді.
Кенттің маңызды мәселелерін шешуге атап айтқанда, 2688,0 мың теңгеге кенттің мереке күндеріне, 701,0 мың теңгеге Мұсаханов және М.Көкенов көше қиылысына латок орнатуға, 1501,0 мың теңгеге резиденциядағы үйдің айналасын абаттандыру жұмысына, 22130,2 мың теңгеге М.Көкенов қиылысын орташа жөндеу, А.Иманов және М.Көкенов көше қиылысына орташа жөндеу (асфальт), Байдүйсен көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанды. 12337,0 мың теңгеге көшелерді абаттандыруға, 9126 мың теңгеге көшелерді жай жөндеуге, лед экран орнатуға қаржы жұмсалып, басқа да жұмыстар атқарылды.
«Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 7 396,8 мың теңге қаралып, Саяжай, МАИ бекеті, Ипподром шағын аудандарындағы 125,163,110-шы мектеп оқушыларын тегін тасымалдау жұмыстары атқарылды.
Аудан әкімінің бастамасымен «Саяжай» учаскесінен көп қабатты тұрғын үйлер салуға жер учаскесі бөлініп, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымы, оның ішінде электрмен, жылумен, газбен, ауыз сумен жабдықтау жұмыстары басталып, биылғы жылы пайдалануға берілді.
2018 жылы облыстық құрылыс басқармасы арқылы №56 орта мектеп құрылысы басталып, пайдалануға берілді.
Кенттегі шағын аудандар көшелеріне аудандық құрылыс бөлімі арқылы кенттің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру жобасы бойынша тас жол салуға жоба–сметалық құжаттама жасалды, жоба құны 1 162 000 мың теңге. Облыстық бюджеттен қаржыландыруға тиісті қаржы сұралып, бюджеттік өтінім берілген.
Мал шаруашылығымен айналысатын құрылым­дарындағы мал саны кентте 5660 бас мүйізді ірі қара, 33 602бас уақ мал, 992 бас жылқы, 81 бас түйе, 3022 үй құстары бар.
Сонымен қатар аудандық құрылыс бөлімі арқылы Саяжай, Ипподром шағын аудандарына 600 орындық, Б.Байкенжеев көшесінен №169 мектепке жаңадан 600 орындық мектеп, Май бекетінде 300 орындық мектеп және Ипподром шағын ауданынан 140 орындық бала бақша және типтік жобадағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигон құрылыстарының жоба сметалық құжаттамасына тиісті қаржылар бөлініп, әзірленуде.
Алдағы уақыттарда аталған міндеттерді жүзеге асыру барысында, кент әкімі аппараты Жаңақорған кентінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі жақсарту бағытында, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында көрсетілгендей, елімізді Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамытуға арналған 10 негізгі міндеттерді орындау үшін атсалысып, халықтың бірлігі мен ынтымағы негізінде жұмыс жасауды жалғастыратын боламыз.
10 қаңтар 2019 ж. 1 064 1

Гость Jeahulalf от 21 ақпан 2019 16:14
Kamagra Special Offer levitra feminin Baclofene Commander Buy Cialis Online Uk Acheter Dapoxetine