Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирусты жеңіп келеміз!

Коронавирусты жеңіп келеміз!

Құрметті аудан тұрғындары!
Бірнеше күн болды ауданда COVID-19 жұқпалы инфекциясын жұқтырған 16 науқас тіркелуіне байланысты карантиндік режим енгізілді. Тұрғындардың шектеуге қолдау білдіріп, түсіністік танытып жатқандарына алғысым шексіз, біз әрі қарай да осы шектеулерді қамтамасыз етіп үйде болсақ, бұл індетті таратпай толық құтыламыз. Бүгін сіздерді жақсы жаңалықпен қуантқым келеді.
16 науқастан басқа, науқастармен жақын және потенциалды байланыста болған азаматтардан алған анализдері (125адам) ТЕРІС нәтиже берді. Қазір ғана соңғы 28 адамның қорытындысын алдым. Әлі де болса сырттан келген немесе өздерінің күдікті белгілерімен келген адамдардан сынамалар алу жүре береді. Мен қатты қуандым. Дегенмен де біздің жан жағымызда, еліміз бойынша бұл індет өршіп тұрғанда ешқкандай босаңсуымызға болмайды. Керісінше болдырмау үшін барлық талаптарды орындайық.
Жеке бастың, сауда орындарында, автокөліктеріңіздің ішінде, отырған жерлеріңізде барлық санитарлық, дезинфекциялық талаптарды сақтаңыздар. Ретсіз көшеге шықпайық. Кент көшелері мен обьектілерге зарарсыздандыру жүргізілу үстінде. Бұл мақсатқа шекара қызметінен 28 жасақ екі автокөлікпен және Тараз қаласы горнизонының 1 арнайы көлігі жұмылдырылды. Біздің сұранысымызды Үкіметке қойып, қарулы күштерден осы күштер мен техникаларды шұғыл шешіп берген, Аймақ басшысы-Гүлшара Наушақызына Жаңақорғандықтардың атынан ризашылығымды білдіремін. Дезинфекция жұмыстары одан әрі жалғасады, қажетті дәрілері жеткілікті.
Бүгінде карантиндік стационарда жатқан адамдардың барлығы теріс нәтижелі болып шыққанына қуаныштымын,бірақ белгіленген екі апта мерзімге бақылауға тиіспіз.Туыстары да түсіндіріп айтқан дұрыс.Түбегейлі алаңсыз шыққаны туыстарына да, бәрімізге жақсы. 16науқастың 6-ын Қызылорда қаласына ауыстырдық(аудандағы салмақты жеңілдету)қалған 10 науқас аудандық инфекция бөлімінде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық,жақсы Осы жазбаны пайдаланып ауданның МЕДИЦИНА қызметкерлеріне алғыс айтамын!!! Бүгінде олар
майданның алдыңғы шебіндегілер сияқты барлық ауыртпалықты қабылдап,күн түн демей жұмыс атқаруда.Өздеріңіз де барлық сақтық шараларын сақтаңыздар, сіздерді отбасы мен туыстарыңыз күтіп отыр.Бізде сіздерді қорғау құралдарымен толық қамтамасыз етеміз. Ол қажетті мөлшерде бар. Қысылған кезеңде карантин стационарына Жаңақорған шипажайының ғимаратын пайдалануға берген,басшысы Бақытжан Абдуллаевқа,ағамыз-Абекеңе және кәсіподақ басшылығына алғысымыз шексіз.Осы кезеңде СЭС қызметкерлері мен полиция тәуліктік жұмыс режимде жұмыс жасауда, сіздерге де рахмет. Әлі жұмыстар алда,анықталған науқастарды емдеп отбасына қайтару және
жаңадан болдырмау үшін карантиндік режимді сақтау.
Ағайындар,бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Еңсемізді жоғары көтеріп көктемгі дала жұмыстарына кірісейік. Көктемгі бір күн, жылдық азық деген сәттілік болсын.Амандықта болайық.
04 сәуір 2020 ж. 3 333 0