№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖАСТАР ЖАРАП ТҰР

ЖАСТАР ЖАРАП ТҰР

Таеквондодан «Korea Open» турнирінде Қазақстан спортшылары 4 медаль жеңіп алды 

Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында таеквондодан G2 санатындағы «Korea Open» рейтингілік турнирі өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетуде, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты. 

Жастар арасында 59 келі салмақта сынға түскен Бекжан Нүсінәлім турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ол бірінші және екінші кездесуінде Оңтүстік Корея спортшыларын ұтты, үшінші айналымда өзбекстандық қарсыласын жеңді. 

Жартылай финалдық жекпе-жекте тағы бір кореялық спортшыдан басым түскен жерлесіміз ақтық сында таиландтық таеквондошыдан жеңілді. Осылайша, жас әрі талантты спортшымыз ел қоржынына күміс жүлде салды. 

55 келі салмақтағы Азамат Рахымбаев пен 78 келі салмақта сынға түскен Сергей Ивашкевичтіңеншісінде қола жүлде бар. 

Ал 63 келіде ел намысын қорғаған Нұрай Хусайынова АҚШ және Мексика спортшыларына есе жіберіп, үшінші сатыдан көрінді. 

«Korea Open» турнирі 23 шілдеге дейін жалғасады.
22 шілде 2018 ж. 838 0