№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорған ауданында 11 адам коронавирустан емделді

Жаңақорған ауданында 11 адам коронавирустан емделді

Жаңақорған ауданындағы 28 науқастың 11-ы коронавирустан айықты. Мұндай қуанышты жаңалықты Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Яхия Шорабаев хабарлады.
Бас дәрігердің орынбасары Ақмарал Арыспаева егжей-тегжей талдап берді:
– Жаңақорған ауданында 28 адамнан коронавирустың белгілері анықталды. Оның 11-і ауруынан жазылды.
Аудандық емханадағы науқастардың полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) эксперименталды әдіспен қанының анализін алдық. Екіншісі, мұрын және жұтқыншақтың артқы қабырғасы жұғындысынан анализ алынды. Қуанарлығы, 11 науқастың сауыққанына көзіміз жетті, – деді Ақмарал Жоламанқызы.
Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Сейіловамен хабарласқанымызда:
– Бізде қазір 4 науқас жатыр. Қалағаны Қызылорда қаласында.
Ең басында 16 адам коронавируспен түскен еді. Солар арасында ауруын жеңгендер шығуда. Емдік процедураны жүргізу барысында телемедицина арқылы республикадағы белгілі дәрігерлермен байланысып, тәжірибе алмастық. Вирус жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруын тудырады, өкпе, қабынуына әсер етеді. Белгіленген емдік дәрі-дәрмекті уақытылы беріп, жүйелі жұмыс жасалуда. Соның нәтижесі болар, – деді.
Айта кететіні, қазір Жаңақорған ауданында анықталған науқастарды авиациялық медицина арқылы Қызылорда қаласына жеткізіліп, облыстық ауруханаға жатқызылуда.
Қазір аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесінде және карантинде жатқан адамдарға медициналық қызмет көрсететін 30-ға тарта мамандар қонып жұмыс жасауда.
2020 жылдың 19 сәуіріндегі ресми мәлімет бойынша, Қызылорда облысы бойынша 143 адамнан коронавирустың белгісі анықталды. Оның ішінде, Қызылорда қаласы – 21, Сырдария ауданы – 25, Қармақшы ауданы – 4, Қазалы ауданы – 2, Арал ауданы – 4, Шиелі ауданы – 59, Жаңақорған ауданы – 28-і тиісілі. 
Коронавирустан Қызылорда қаласының 6 тұрғыны және 11 жаңақорғандық, 2 шиелілік жазылып шықты.


Нұрлат Байгенже,
"Жаңақорған тынысы"
18 сәуір 2020 ж. 1 234 0