№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Карантинде кәсіп бастаған жас кәсіпкер

Карантинде кәсіп бастаған жас кәсіпкер



Демалыстың ең жаманы карантин демекші, е қонаққа бара алмайсың, е қонақ шақыра алмайсың... "Үйде отыр" ұранына үлес қосып, үйден шықпайсын. Бұрынғыдай сенбі деп серуендеп, жексенбі деп жатып алатын уақыттың қадірін ел енді ұғынуда.
Осы тұста, жаңақорғандық жас кәсіпкер Бақытжан Дәндібаев карантинге дейін құр жатпай, кәсіптің жаңа түрін қолға алған болатын. Отандық өнім өндіруді бастаған Бақытжан тастөсеніштің (брусчатка) түр-түрін тапсырысқа сай қабылдауда. Әзірге құйған дүниелері суретте тұр.
Кәсіпкердің айтуынша, тастөсеніш өте берік және тығыз. Салмағы зіл батпан гидровикалық қысыммен нығыздаудан өтеді. Құрамы толық жергілікті шикізат. Өзіміздің ауылдың ірі құмы, Шалқияның жуылған май қиыршағы, Шиелінің цементі һәм арнайы қоспасы тағы бар. Қысқасы, құда шақырғанда брусчатканың үстінде шоқ-шоғынан биді қыздырасыз. (карантиннен кейін). Ойылып, сынып, мүжіліп "ұятқа" қалдырмайды.
Айта кететіні, бағасы да қолжетімді. Сосын брусчатканы "Eurasian Bank" "Хоум кредит", "Альфа банк" арқылы да алуға мүмкіндік бар. Қазірге карантинге байланысты алдын ала сөйлесіп, тағы басқа да сұрақтар болса: 8701-472-36-92 осы номерді мазаласаңыздар болады.

Әбдісамат ӘБДІШ
17 сәуір 2020 ж. 756 0