№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген 5,8 млрд.теңге несие төлемі кейінге қалдырылды

Қызылордада мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген 5,8 млрд.теңге несие төлемі кейінге қалдырылды


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов айтты.
Кәсіпкерлер палатасының call-орталығына бизнес өкілдерінен келген «каникул» кезеңіне қатысты сауалдарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мәселесі қаржы ұйымдарына жолдануда.
Палата директорының орынбасары Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті барлық несиелері бойынша негізгі қарыз бен сыйақының төлем мерзімдерін кейінге қалдыру туралы тапсырмасына сәйкес, аймақта екінші деңгейлі банктер және қаржы ұйымдарымен жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Атап айтқанда, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы - 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» бағдарламалары аясында жеңілдетілген несие алған кәсіпкерлердің жалпы сомасы 5,8 млрд.теңге болатын несие төлемі кейінге қалдырылған.
Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасының сенімгерлік басқаруындағы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы да кәсіпкерлерден түскен өтініштер бойынша жедел шара қабылдауда. Жасалған жұмыстың нәтижесінде бүгінгі күнге дейін Өңірлік орталықтан қаржы алған 99 жобаның 35,3 млн.теңгесі кейінге қалдырылды.
Сондай-ақ, төтенше жағдай кезеңінде кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер де жеңілдіктер жасау арқылы қолдау көрсетуде. Бүгінгі күнге дейін екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарына бизнес өкілдерінен түскен 1254 өтінімнің 818-і мақұлданып, өтініштері қанағаттандырылған.
Соның ішінде, Палатаның қолындағы мәлімет бойынша, «Халық Банктің» Қызылорда және Байқоңыр қалаларындағы филиалдарына келіп түскен 376 өтініштің 371-і немесе 99 пайызы оң шешілген. «ЦентрКредитБанкі» АҚ облыстық филиалына түскен 136 өтініштің 118-і, «ФортеБанк» АҚ облыстық филиалына келген 99 өтінімнің 96-сы мақұлданған.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
 
15 сәуір 2020 ж. 522 0