№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өткен жылы 256 жобаға несие берілген

Өткен жылы 256 жобаға несие берілген


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданы кәсіпкерлері алдында өткен есепті кездесуінде айтылды.

Кездесуде Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Құлмахан, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Болат Нұрхожаев және Палатаның Агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің  бастығы Жасұлан Серіков пен аудандық филиал директоры Қадырхан Еңсепов аймақта кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтып, бизнес өкілдерінің проблемаларын тыңдады, сауалдарына жауап берді.
Айта кету керек, Қазалы ауданында кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар қатары уақыт өткен сайын көбеюде. Ауданда нақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4302.
2019 жылы Қазалы ауданы бойынша 250 азамат кәсіпкерлік мақсатта барлығы 106,7 млн.теңге мемлекеттік қайтарымсыз қаржыға қол жеткізген. Сондай-ақ жалпы құны 2 млрд.255 млн.теңгені құрайтын 256 жобаға мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алынған.
Қазалы ауданы бойынша өткен жылы 600 адам«Бастау», «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша оқып біліктіліктерін жетілдірсе, 169 қазалылық «Бизнес-кеңесші» оқу курсына қатысқан.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
05 ақпан 2020 ж. 725 0