№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысының әкімі «Сыр медиа» серіктестігінде болды (ФОТО)

Қызылорда облысының әкімі «Сыр медиа» серіктестігінде болды (ФОТО)


Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов «Сыр медиа» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Серіктестікке қарасты редакцияларды арнайы аралап, баспаханадағы газет басылу процесін көрді.

Мемлекеттік мүддені қалың көпшілікке жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың маңызы зор. Осы орайда облыстағы бірнеше басылымды бір шаңырақ астына топтастырған «Сыр медиа» серіктестігі елдік мұраттарға қызмет ету жолында сенім биігінен түскен емес.
Он жылға жуық тарихы бар медиабірлестік құрамында әуелгі жылдары бір өзеннің қос саласындай қатар өрілген «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері болды. 2013 жылы оған қалалық, аудан­дық ресми басылымдар қосылып, жұмыс ауқымы кеңейді. Облыс әкімдігінің қол­дауы нәтижесінде содан бері «Сыр медиа» еліміз бойынша өнімін өз баспаханасынан шығарып, өзі тарататын іргелі ұйымға айналды.
«Сыр медиа» ЖШС мем­лекеттік саясатты, республика мен өңір жаңалықтарын ха­лық­қа дер кезінде мазмұнды түрде жеткізу қызметін қа­зіргі заман талаптарына сәй­кес жаңашылдықпен жүр­гі­зіп келеді. Бүгінде бар­лық басы­лымның сайттары, сондай-ақ 2011 жылы ашылған «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агент­тігі саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және өзге де салалар бойынша қоғамның тыныс-тіршілігі туралы оқыр­манға жедел әрі сенімді ақпарат таратуды жолға қойды.Бүгінде 500-ден астам адам еңбек ететін «Сыр медиа» серіктестігі ел игілігіне жарайтын бастамаларымен қалың бұқараға жақсылықтың жаршысы, ұлағатты істердің ұйытқысы ретінде белгілі.
Облыс әкімі «Сыр медиа» серіктестігінің жұмысына жан-жақты қаныққан соң «Сыр медиа» академиясында» облыстық, қалалық, аудандық басылымдардың бас редакторлары және журналистер қауымымен кездесті. Жүздесуде «Сыр медиа» ЖШС-ның бас директоры Аманжол Оңғарбаев серіктестіктің атқарып келе жатқан жұмыстары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Жиын соңында облыс әкімі медиахолдингтің атқарып келе жатқан жұмыстарына оң бағасын беріп, алғысын жеткізді.

kyzylorda-news.kz
Суретке түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ









12 ақпан 2020 ж. 746 0