Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақпарат таратудың тың тетігі қандай?

Ақпарат таратудың тың тетігі қандай?

Сыр өңірінің журналистикасаласы қай деңгейде? Шығармашылық ұжымдардың шығармашылық әлеуеті қандай деңгейде? Ақпарат ғасырында бәсекеге қабілетті болудың жолы қандай? Бұл сұрақтарға «Қазалы» газетінің 10 жылдығы аясында өткен «Мультимедиялық лонгрид: жаңа медиадағы қызықтыру алгоритмі» атты көшпелі семинарда жауап таптық.

Оған «Сыр медиа» ЖШС қарасты облыстық, қалалық, аудандық газеттердің бас редакторлары, бөлім басшылары қатысты. Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев жиынды ашып, қоғамның дамуында журналистиканың рөліне, береке-бірлікті сақтаудағы қызметіне тоқталды. Одан кейін серіктестік басшысы Аманжол Оңғарбаев редакцияларда буын алмасуды сәтті еңсергенін, журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға мән беріп жатқанын айтты.
Қазіргі жаһандану заманында интернет-журналистика ақпарат алмасудың күшті құралына айналды. Төрткүл дүние интернеттің арқасында «бір ауылға» айналып барады. Яғни дәстүрлі басылымға жаңа медиа қосылып, ақпарат тарату платформасы кеңейе түсті. Енді мақаланы оқуға қарағанда аудио немесе видео өнімді тыңдауға, көруге бейім тұтынушылар көбейді. Бұл – журналистика саласында мультимедия саласының дамуына жол ашты. Осы ретте, «Жаңақорған тынысы» газеті роликтер дайындауды жолға қойды. Осы бағыттағы тәжірибелерімен аудандық басылымның бас редакторы Нұрлат Байгенже таныстырды.
Интернет журналистикамен бірге ақпарат берудің формасы өзгеріп келеді. Ақпарат таратудың тың тетігі ретінде фактчекинг, дата-журналистика, лонгрид сынды ұғымдар пайда болды. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында америкалық медиадан «Лонгрид» келді. Ұзақ мақалаларды ғана емес, фоторепортаж, бейнесюжет және инфографика арқылы баяндалған оқиғаларды да атай бастады. Яғни обьектіні жан-жақты ашып көрсететін текст, аудио, видео, графика, инфрографика, суреттерді қамтитын болды. Жалпы Лонгрид ағылшын тіліндегі «Long» – ұзақ, «Read» – оқу деген сөзінен, яғни материалды ұзақ оқу мағынасын береді. Бүгінде отандық интернет ресурстардың ішінде sputniknews.kz ғана қолданып отыр. Ал ресейлік сайттардың кез-келгенінен Лонгридті табуға болады. Осыдан-ақ, жаңа трендтерді ақпарат өндірісіне енгізуге қабілеттілігімізді аңғаруға болады. Бұл жөнінде «Ақмешіт жастары» облыстық газетінің бас редакторы Айжан Абдуллаева баяндады.
«Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Дәурен Омаров пен Kyzylorda-News.kz сайтының бас редакторы Нұрсұлтан Мықтыбай серіктестікке қарасты сайттарда сапалы контент қалыптастырудың жайын сөз етті.
Еркін форматта өрбіген жиында басылымдардың көркемдік-дизайнерлік келбетін тартымды ету, мазмұндық деңгейін арттырып, бәсекеге қабілетті ету жолдары жөнінде ұсыныс-пікірлер берілді.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
05 қазан 2019 ж. 873 0