№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шиелінің 80 жылдық шежіресі

Шиелінің 80 жылдық шежіресі

Сөз өнерінің зергері Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығымен бірге Шиелі аудандық «Өскен өңір» қоғамдық-саяси газетінің 80 жылдық мерейтойы Сыр өңірінің қалам ұстаған қауымының басын қосты. Мерейтойлық шараға Алматы, Шымкент, Қызылорда қаласынан арнайы меймандар келді. Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы алғы сөз сөйлеп, газеттің қоғамдағы орнына және аудандық басылымның тарихына тоқталды.

Тарих қойнауынан сыр шертер басылым 1939 жылы «Стахановшы» атымен жарық көрсе, 1956 жылы Шиелі, Жаңақорған аудандары бір шаңырақ астында біріккен тұста «Коммунизм жолы» атанды. Ал 1963 жылы Шиелі дербес аудан болып қайта құрылған кезінен бастап «Өскен өңір» атауын алып, жұртшылықты аудан жаңалықтарымен сусындатып келеді. Шиелі ауданының шежіресіне айналған үнжарияда елге танымал қаламгерлер қалыптасып, шыңдалды.
Айта кететіні, басылымда жаңақорғандық қаламгерлер Адырбек Сопыбеков, Айдархан Бибасаров, Әкім Мейірбеков және тағы басқалары еңбек етті. Аудандық басылымды дамытуда Мәді Молдыстамов, Дүйсенбі Смаилов, Зәкім Жайлыбаев, Қалмақан Әбдіқадіров, Өркен Исмайл, Елтай Айып және т.б еңбегі зор. Ал Сәрсенбек Бекмұратұлы, Ақайдар Ысымұлы, Нұртөре Жүсіп, Мұрат Күлімбетов, Базарбай Исаев, Қатира Жәленова, Қаршыға Есімсейтова, Нәзира Жәрімбетова сынды елге танымал қаламгерлердің тырнақалды туындылары жарық көрді. Елге танытты. Бүгінде Нұрболат Пірімбет, Елдос Жүсіп сынды бастамашыл азаматтар басылымның туын түсірмей, абыройын асыруда еңбектеніп келеді.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың құттықтау хатын оқып берді.
Қазақстанның еңбек сіңірген журналисі Сәрсенбек Бекмұрат түсімде де, өңімде де «Өскен өңір» газетін көретінін, себебі басылым өмірімнің бір бөлшегі екенін айтты. Қуандық Түменбайұлы басылымның тарихына тоқталып, естелігімен бөлісті.
«Сыр медиа» ЖШС директоры Аманжол Оңғарбаев құттықтау сөз сөйлеп, ақпараттық заманда бәсекеге сай дамудың жолдарын айтып, серіктестікте атқарылған жұмыстарды баяндады. Әсіресе, жаңа медиа: сайт өндірісі, әлеуметтік платформаны тиімді игерудің жолдарын сөз етіп, журналистердің шығармашылық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
«Салтанат сарайында» Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сыншы Бақыт Сарбалаұлы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сықақшы Нұрмахан Елтай «Өскен өңір» атты кітаптың тұсауын кесті.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы бір топ еңбек ардагерлері мен журналистерді мерекелік медальмен марапаттады.
Соңынан «Алтын күз – 2019» шарасы концертпен жалғасты.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

15 қазан 2019 ж. 806 0