» » Аспириннің алмайтын қамалы жоқ

Аспириннің алмайтын қамалы жоқ

Бұл біздің отбасымызда жиі қолданылатын сөз. Өйткені әжем күніне 1 таблетка аспирин ішу арқылы қанды аздап сұйылтып, қан қысымынан сақтанады. Басы ауырса да содан біреуін ішеді, тер қысса да сол.
Ал мен жақында аспириннің жаңа бір «қырын» байқадым. Туыс жеңгеміздің тізесі ауыратын. Отырып-тұрғанда тізесін дұрыс баса алмай қиналатынын көріп те жүрміз атаған жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Түрлі қыздыратын майларды көп жаққаннан ба, соңғы кездері олар әсер етпей қойды деуші еді. Әжем оған аспиринді көрсеткенде бәріміз күліп жібердік. Бірақ ол бізді елеген жоқ, жеңгемізге біз бұрын-соңды естімеген ем айтты.
«10 түйір аспиринді ұнтақтап, 200 грамм балға жақсылап араластыру керек. Балдың сұйықтау болғаны жақсы. Оны 10 күнге жылы жерге қойып, ара-тұра араластырып тұр. Осы балды ұйқы алдында тізеңе жағып, сыртынан жүннен тоқылған матамен, оның сыртынан клеенкамен орап таста. Тізе буының суықтаған болса аздап қыздыру, қызару белгілері болуы тиіс. Одан қорықпа, бал суықты өзіне тартып алады ғой. Уақыт өте қызуы, қызаруы басылады. Есесіне тізеде жеңілдік болады, отырып-тұрғанда, жүргенде бұрынғыдай қиналмайсың», – деді әжем.
Арада біраз уақыт өткенде әжеме сәлем бере келген жеңгем аспирин аралас бал шынында да жақсы көмектескенін айтты. Тізенің сықырлауынан түбегейлі жазылып кетпесе де, отырып-тұруында жеңілдік бар екенін байқадық.
Аягөз МЕЙІРБЕК.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
25 наурыз 2020 ж. 969 0