№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зобқа қарсы тұнбалар

Зобқа қарсы тұнбалар


ПАЙДАЛЫ КЕ
ҢЕС
Зобқа қарсы тұнбалар
Зоб ауруы – бүгінде белең алып отырған аурулардың бірі. Алайда оны емдеудің түрлі тәсілдері мен жолдары бар. Назарларыңызға 2010 жылы Мәскеу қаласында басылып шыққан «Халық медицинасының энциклопедиясы» кітабынан осы дертті емдеп-жазудың бірнеше тәсілін ұсынамыз. Сонымен қатар, кітаптағы рецепттерді медицина ғалымдары мақұлдаған. Дегенмен, ем кезінде дәрігермен кеңесуді ұмытпағаныңыз жөн.

Жылауық тал тұнбасы
Жылауық талдың (ива) жас бұтақтарынан бір құшақ жинап алыңыз. Жуып, ыңғайлы етіп кесіп алған соң үлкендеу ыдысқа (кас­трюль) салып, үс­тіне су құ­йы­ңыз. Оны баяу от­та, жартысы қал­ғанша ұзақ қайнатқанда суы қай­мақ сияқты қою тартып, түсі қара-қоңыр тартуы тиіс. Осы қоймалжыңды күнде ұйқы алдында мойын тұсына жылы күйінде жұқалап жағып, сыртынан құрғақ дәкемен орап қою керек. Осылай 3 ай жасағанда зоб көлемі 2 есеге дейін кішіреюі тиіс.
Бал қосылған ботқа
Халық медицинасында тиімді саналатын емнің бір түрі – бал қосылған ботқа. Ол зобтың асқынуын тоқтатып, ем болады екен. Ол үшін 1 стақан таза бал керек. Грек жаңғағын шағып, дәнінен 1 стақан алыңыз. Сосын жуылып-шайылған 1 стақан қарақұмық (гречка) дайындаңыз. Жаңғақ пен қарақұмықты мейлінше ұнтақтау керек. Алынған ұнтақты балға қосып, біркелкі қоймалжың болғанша жақсылап араластырады. Көріп тұрғаныңыздай, бұл – құрамы дәруменге толы нағыз емдік ботқа. Осы ботқаны алтыға бөліп, кешке дейін жеп тауысу керек. Таңертеңгісін ашқарынға бас­таған тиімді. Астан жарты сағат бұрын тұтынған дұрыс.   3 күннен кейін жаңадан ботқа әзірлеп, оны да осылай 6 бөлікке бөліп, бір күн ішінде тауысу керек. Ем барысын, ағзадағы өзгерісті бақылай отырып, 1 айдан 3 айға дейін жалғастыруға болады. 1 ай үзілістен кейін тағы қайталаған тиімді.
Шырғанақтың шипасы
Шырғанақ (облепиха) жемісі, зәйтүн майы (оливковое масло), йод үшеуінен де зобқа қарсы ем жасауға болады. Ол үшін шыр­ғанақты шырынсыққыштан өткізесіз. Оның қоймалжың болған «ботқасын» бір ыдысқа салып, бетін толық жабатындай етіп зәйтүн майын құйыңыз. Бетін бірнеше қабатталған дәкемен жауып, 2 апта тұндырыңыз. Белгілі уақыт өткен соң дайын болған майды қалқанша без үстіне жағасыз. Сыртынан йод «сеткасын» сызу керек. Оны бірнеше қабатталған дәке немесе бинтпен орап тастаңыз. Сыртынан целлофан, сосын жылы орамал таңу керек. Түнге қарай жасалған бұл «компресс» кезінде йод таңға дейін сіңіп, жоқ болып кетеді. Бұл емді 10 күн жасайды. Нәтижесі оңды болары сөзсіз.

Massaget.kz
16 сәуір 2018 ж. 2 453 2

Гость Jeahulalf от 20 ақпан 2019 17:01
Effexor Xr India Cialis GР С–РЎВnstig Kaufen 40mg Antibiotics From Canada viagra Viagra Sildenafil Mujeres Kamagra Prices Comprar Cialis En Alicante

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 04:00
Buy Valtrex In Thailand Kamagra Helly 100mg Is Cephalexin A Viral Infection cialis 20mg price at walmart Propecia Canadian Pharmacy Healthy Man Radio Commercial