№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көзге де, тіске де шипасы бар

Көзге де, тіске де шипасы бар


Раушан гүлінен бал әзірлеп алсаңыз, оны көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болады. Ол ағзаны нығайтады, сергітеді, созылмалы пневмония, өкпе туберкулезі ауруларына да жақсы ем. Жалпы, суық тигізгеннен пайда болған аурулардың бәріне жақсы көмектеседі. Оны былайша әзірлеуге болады.

 
80 грамм раушан гүлінің күлтешесіне 100 миллиграмм қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут ұстайсыз. Содан соң 24 сағат бойы тұндырып қою керек. Осы қоспаға 100 грамм бал қосып, жақсылап араластырып, біркелкі массаға айналғанша жақсылап қайнатасыз. Раушан гүлінен жасалған балды сауығып кеткенше 1 шай қасықтан күніне үш рет ішу керек.
 Бұл рецепті мен көрші тұратын ұлты орыс әжейден алғанмын. Үш жастағы қызым пневмониямен ауырған еді. Ауруханада жатып шыққанбыз. Дегенмен ауруынан түбегейлі айығып кетуі үшін осы емді де пайдаландым. Нәтижесі жаман болған жоқ. Қазір қызым балабақшаға барып жүр, бұрынғыдай көп ауырмайды. Егер керек болып жатса, сіз де пайдаланып көруіңізге болады. Оның ешқандай кері әсері жоқ.
 Ал көп жатып қалған науқастардың ойылған жараларын, күйікті емдеу үшін раушан гүлінің кептірілген жапырағының 1 грамын 100 грамм тұздалмаған сары майға араластырып жақса, жаралар тез жазылады.
 2 ас қасық раушан гүлі күлтешесіне 1 стакан қайнаған су құйып, 1 сағат тұндырып қоясыз. Содан соң оны сүзіп, ішеді. Бұл сусын конъюнктивит, стоматит, ангина ауруларына  жақсы көмектеседі.
 
Дереккөз: Zamana.kz
07 маусым 2018 ж. 1 438 0